Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жуырда, Қайнар ауылы маңындағы әскери бөлімде орын алған төтенше жағдайға байланысты бүгінде қалпына келтіру жұмыстары қарқын алуда. Ел басына күн туған уақытта көмек қолын созып, қолдауларын көрсеткен азаматтар қаншама? Еліміздің барлық аумағынан түрлі дәрежедегі көмектер легі толассыз ағылуда.
Күні кеше, «Astana» телеарнасының «Айтарым бар» әлеуметтік жобасының Қайнар ауылындағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау бастамасын қолдаған бірқатар қайырымдылық қор өкілдері келген болатын.
Қайнар ауылында орын тепкен штаб алдында елді мекен тұрғындары және оқушылармен кездесу барысында аталмыш телеарнаның жоба продюсері Әсел Ергешқызы сөз алды.
- Төтенше оқиға орын алған сәтте бүкіл қазақ елі Сіздермен бірге болды. Жарылыс болған күннің ертеңіне «Astana» телеарнасының «Айтарым бар» әлеуметтік жобасы «Мектепке жол» акциясы бойынша балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді қолға алған еді. Акция аясында, осындағы мектеп оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсетейік деп шештік. Бұл ретте, алдымен көмекке келген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева болса, «Қайнар ауылының балаларын мектепке дайындау ісіне атсалысайық», - деп алғашқылар қатарында белсенділік танытқан Мөлдір Әшімханқызы жетекшілік ететін «Айдың нұры» қайырымдылық қоры екенін айта кетейік. Жаңа оқу жылы басталуына орай, осындағы мектеп оқушыларына керекті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер мен арнайы планшеттер әкеліп отырмыз - деді.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтан қаласынан келген өкілі Ләззат Алтынбекқызы, «Айдың нұры» қайырымдылық қорының президенті Мөлдір Әшімханқызы, «1000 batyr» қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Серікұлы шынайы жүрекжарды тілектерін білдіріп, оқушыларды жаңа оқу жылдарымен құттықтады. Қорлардың атынан елдің аманатын табыс етті.
- Ең бірінші жаңа оқу жылында өздеріне арнайы әкелген сыйлықтары үшін балалар қуанды ғой. Әрине, ризамыз. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап қолдау көрсетіп, көмектерін беріп жатқан азаматтарға көп рахмет. Жан жақтан көмектер келіп жатыр. Сондықтан, баршаңызға айтар алғысымыз шексіз, - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Тұрғынбаева.
Бұдан соң өкілдер «Мектепке жол» акциясы бойынша көршілес Шымкент қаласына аттанып кетті.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 06.09.2021 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1585
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7602
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33169
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203899

Серіктестер