Онлайн газет



Өз еліңнің ұлы бол!

Қ.Бошай,
Байзақ  ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор.

Біздің ұлттық әскеріміз – ұлыстың қорғаны, тәуелсіздіктің тірегі! Елдің қауіпсіздігін сақтау- ерлердің міндеті. Батыр Бауыржан атамыздың «Өз еліңнің ұлы болсаң, басқа елдің құлы болмайсың!» - деген аталы сөзі бар. Осыны әрдайым естен шығармауымыз керек. Қазақ елінің құлы болсаң, бірігіп іс жасасан, ешкімнен ұтылмаймыз. Мұны білетін Мемлекет басшысы, Қарулы Күштеріміздің Жоғары Бас Қолбасшысы қашан да бірлікті ту етеді.Сол себепті де тәуелсіздігімізді, еліміздің қауіпсіздігін сақтау және ұлы істерді кейінгі ұрпаққа үлгі етуді басты мақсат санаған Елбасымыздың қолдауымен Қарулы Күштердің және әскери қызметшілердің беделі өсуде. Қарулы Күштердің қорғаныс қабілетін көтеретін әскерімізге Қазақстан Республикасының Президенті барынша жағдай жасауда.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-IV Заңының 37 және 40-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери  қызметке шақыру жұмысы қарқынды өткізілуде. Оған дәлел бүкіл республикада келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру наряды басшылыққа алынып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен теледидарлар арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жергілікті әскери басқару органдары берілген наряд бойынша келісімшарт негізінде шақыру жұмысы іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің барлық әскерлер мен әскери құрамаларында офицерлермен тең келісімшарт  бойынша әскери қызметшілерде қызмет атқаруда.
Аталған Заңның негізінде әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық мекемелерде тегін медициналық көмекке, тұрғын үйлері жоқ әскери қызметі 8 жылдан аспаған әскери қызметшілер тұрғын үйді жалдағаны үшін үкімет өтемақы төлеуге, қызметте он және одан көп жыл болғандарға қызметтік тұрғын үй қорынан қызметтік үй алуға және күнтізбелік есептеуде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік  тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің нұсқауы бойынша Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде сарбаз және сержант құрамдарының бос лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке Гвардейск,  Талдықорған, Қапшағай, Семей қалаларына және Алматы облысы мен Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қажетті сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесі №182; тел.: 2-14-41, Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (военкомат) әскерге шақыру және әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша іріктеу бөлімшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1441
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7458
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33025
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203755

Серіктестер