Онлайн газет



ДҰРЫС ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІК

Кез келген отбасы тұрмыстық  жағдайда «көгілдір отынды» пайдаланады. Алайда тұрғындар оны дұрыс пайдалану ережелерін сақтай бермейді. Соның салдарынан  өрт шығып, отбасына және қоғамға елеулі зиян келетіндігі жасырын емес.
Жел үрлегенде немесе сұйықтық тигенде көгілдір отын сөнеді. Жанып тұрған көгілдір отты қараусыз қалдыруға, сондай-ақ, балалардың пайдалануына тыйым салынады. Газ баллонды плитаға 0,5 метр қашықтықтан жақын қоймаңыз. Газ баллонды табиғи газ жүйесіне қосуға және көпқабатты үйлерде пайдалануға тыйым салынады. Жалғамалардың ақауы болғанда және механикалық зардаптар әсерінен көгілдір отын сыртқа шығады. Редуктор дұрыс орналастырылмаған  жағдайда өз бетінше көгілдір отын құралын жөндеуге болмайтындығын естеріңізге саламыз.Газ құбырына жіп байлап, киім кептіру қауіпті. Газ жіберетін жарақты сабынды су, яғни  көбікшелердің пайда болуы арқылы анықтауға болады.
Апат айтып келмейтінін ескерсек, көгілдір отынды пайдалану ережелерін  қатаң сақтау керек. Әрине, әр істің алдын алған жөн. Дегенмен, кездейсоқ жағдайларда “103” – жедел жәрдем, “104” – газ апаты қызметіне жүгінуді ұмытпаңыздар. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге хабарлаңыздар.
Өртті болдырмаудың ең оңтайлы амалы - оның алдын алу.

Архат Өксікбаев,
аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімінің  инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1678
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7695
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33262
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203992

Серіктестер