Онлайн газет



Тәртіпке бас иген құл болмайды...

А.Сатыбалдиев,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаменті Байзақ аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты.

Қоғамды алға дамыту үшін адам баласы өз қажетін күнделікті өмірде жүзеге асырып, оның пайдалы жағын атқарар қызметіне жаратып жатады. Ол құба-құп дүние. Ал, тағдыр тауқыметімен қиындыққа ұрынған жандардың, оның ішінде сот үкімімен белгілі бір жазаға тартылған азаматтарға ақыл-кеңес беріп, тәрбиелеп, олардың өмірден өз орнын тауып, түзу жолға түсуіне қол ұшын беру әр қызметкердің міндеті. Осы бағытта Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің Байзақ аудандық қылмыстық атқару инспекциясы бөлімі тиесілі жұмыстарды үнемі атқарып келеді.
Осыған орай соңғы кездері соттарда айыпкерге шартты  түрде жаза мерзімін белгілеу біршама жиелеген сыңайлы. Мұның өзі белгілі бір жағдайда осы жүйе жауапкершілігін арқалаған  қызметкерлердің де жұмыстары еселей түсетіні  анық.
«Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген аталы сөз бар емес пе? Біз бөлім қызметкерлері, қадағалауымыздағы азаматтардың шартты мерзімде жағымды жағынан ғана көруін қалаймыз. Сол үшін олармен және оған ықпал ететін жақын туыстарымен заңға қарсы әрекеттер жасамау туралы жұмыстарды өрістетудеміз. Мәселен,  міне бүгінгі таңда, өзінің түзу жолға түскендігін дәлелдедеп, жаза өтеу тәртіптерін заңға сай орындағандар Байзақ аудандық қылмыстық атқару инспекциясының ұсынысы бойынша, Байзақ аудандық сотының қаулысымен шартты сотталуының күші жойылып, мерзімінен бұрын 2013 жылдың басынан бері барлығы 10 адам босатылды. Осындай, жоқ жерден сүрінгендерді сүйемелдеп жіберерліктей күшімізді алдағы уақытта да өз іс-тәжірибемізде жалғастыра бермекпіз.
Өкінішке орай, өздерінің түзеу жолға түскендігін дәлелдей алмай, жаза өтеу тәртіптерін заңға сай орындамағандар да кездеседі. Атап айтсақ, ҚР ҚК-нің 45-бабы бойынша, бас бостандығынан шектеу мерзіміне сотталған 5 азамат жаза өтеу талаптарын заңға сай орындамағаны үшін Байзақ аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің ұсынысы бойынша Байзақ аудандық сотының қаулысымен бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілген. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін сотталғандармен әр ай сайын құқық бұзушылықтың алдын алу туралы сұхбат жүргізіліп отырылады. Десекте, Байзақ аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің  алдын алу шараларына қарамастан кейбір азаматтар жаза өтеу тәртібінен жалтарады.
Қоғамның құтын қашырған қылмыстык әрекетердің бір ұшы нарықтықтағы дағдарыс кезіндегі әлжуаз төптардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің төмендігіне келіп тірелсе, екінші себеп-салдары жүгенсіз кеткен тәрбиенің кесірінен екені сөзсіз.
Темір тордың аржағында тек ауыр қылмыс жасағандар ғана отыруы тиіс те, ал қалған жеңіл-желпі жаза басқандарына жазаның балама түрлерін  тағайындауға болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Оның үстіне ҚР Қылмыстық кодексінің бабтарына сай, бас бостандығынан айырмай, басқа түрдегі, мысалы белгілі бір мөлшерде айыппұл төлету, қоғамдық жұмыстарға тарту және шартты  түрде соттау сияқты жазаның қосалқы түрлері де қарастырылған.
Әлбетте, «көш жүре түзеледі» дегендей біздің елдің де бұл саладағы халықаралық талаптарға сай, оң тірліктері де жоқ емес.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні батыр бабамыз Б.Момышұлы айтқандай: «тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін832
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6849
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32416
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203146

Серіктестер