Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ЭКСТРЕМИСТІК ПАРАҚШАЛАРДАН САҚТАНУ

Бүгінде ақпарат кеңістігі дамыған заманда бір ақпаратты түрлі нұсқада оқуымыз әбден мүмкін. Себебі, жалған ақпарат тарататын сайттар мен әлеуметтік желілердегі топтар өте көп. Арасында экстремизм мен терроризмге шақыратын діни парақшалар да бар. Бұдан өзге фейк аккаунттар арқылы жеке парақшамызға шабуыл жасағысы келетін жайттар да көрінуде. Ондай парақшалардан сақтану үшін қазіргі таңда, әрқайсымыз өз бетімізше сараптама жасай алуымыз керек.
Басым көпшілігіміздің пайдаланатын әлеуметтік желілеріміз ВКонтакте, Instagram, Одноклассники, Facebook,  Twiter және т.б. Осы парақшаларда өзіміздің жеке аккаунттарымыз бар делік. Белгісіз біреу бізге виртуалды достық белгісін жіберді. Ортақ досымыз яғни танысымыз жоқ. Бірден қабылдап, онымен қарым-қатынас орнату қаншалықты қауіпсіз болмақ? Оның не мақсатпен достық жібергендегі мақсатын бірден біле алмасымыз анық. Сондықтан әрбіріміздің қарапайым түрдегі сараптамалық әдіс-тәсілдерді үйренгеніміз жөн.
Бейтаныс адам бізге достық жіберсе ортақ досымыз бар ма, жоқ па соған бірінші кезекте назар салайық. Егер де бар болса, сол досымыз арқылы ол туралы ақпараттарды білуге болады. Және жеке парақшаның қаншалықты ресми ашылғандығына мән беріңіздер. Бұл өте маңызды. Тұрғылықты мекен-жайы, аты-жөнінің нақты екендігі, суретінің шынайы екендігіне көз жеткізіп қана, өзіміз туралы ақпараттарды жартылай айтуға болады. Бұл бірінші қарапайым әдіс-тәсілдің бірі. Екіншісі, ондай парақшаның достарына мұқият назар салайық. Достарының барлығы дерлік фейк аккаунтпен ашылса, мұндай парақшадан күдіктенуіміз қажет. Себебі, ондай парақшаны ашуда белгілі бір теріс мақсаты бар деп жобалауға болады. Арасында діни сарында ашылған тіркелушілер болса, сөйлесуден бас тартқанымыз жөн. Және ондай парақшалардағы дыбыс жазбасы мен бейне жазбасында сақталған мәліметтерге назар сала кеткеніміз дұрыс. Экстремистік және террористік ұйымдарды насихаттайтын, Қазақстанда діни қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдардың аты-жөндерін (Дарын Мубаров, Надир Абу Халид, Ділмұрат Махатов, Октам Заурбеков т.б.) байқасаңыздар ешқандай байланысқа түспейік. Тура осындай виртуалды достарын сараптауды, достық жіберген аккаунттың тіркелген бірлестіктеріне де назар салыңыздар. Тіркелген топтарында Қазақстан мен Ресей және т.б. елдердің аумағында сот шешімімен тыйым салынған бірлестіктері болса, ондай аккаунтты қара тізіміңізге енгізіп тастаңыз. Себебі, ертеңгі күні парақшасы арқылы сіз достыққа қабылдамасаңыз да, теріс насихаттағы жазбаларын жеке хабарлама ретінде жіберуі мүмкін. Жіберген күннің өзінде жауап беруден, ұнату белгісін басудан сақтанғанымыз өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қажет.
Осындай әртүрлі терроризмді насихаттайтын т.б. теріс насихаттағы парақшаларды көрсек, құзырлы мекемелерге шағымдануымыз керек. Және әлеуметтік желіден өзіміздегі қара тізімге салып, ондай парақшаға шағым жібере білу керекпіз. Қоғам ретінде ондай топтарға қарсы тұрудың бір жолы, әлеуметтік желідегі ондай парақшаларға экстремизм белгісімен шағым жіберу. Сонда өз тарапымыздан парақшалардың жабылуына да үлес қосар едік.
Ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдаланатын достарымызды да қорғағымыз келсе, олармен тек дос болып қана қоймай, қандай жазба бөлісіп жүр, қандай діни мәліметтер пайдаланып жүр назар сала жүріңіз. Елімізде тыйым салынған уағызшылардың насихатын тыңдап, жеке парақшасына бөлісіп жүрсе, өз тарапымыздан ескерту жасап түсіндіруіміз керек.

Сәуле Арғынбаева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін357
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3716
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9902
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476431

Серіктестер