Онлайн газет



ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

Құқықтық сауаттылықты арттыру - күн талабынан түспей отырған маңызды мәселенің бірі. Құқықтық сананың деңгейін көтеру, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында елімізде жан-жақты жұмыстар атқарылуда.
Құқық – жалпыға бірдей міндет. Құқықтық сауаттылық - ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу, оны қатаң сақтау. Осыған орай Жаңатұрмыс ауылдық округінде Заң мен құқыққа деген құрметті қалыптастыру мақсатында “Өз құқығыңды біл”, “Заң-баршаға ортақ”, “Құқықтық сауаттылық-заман талабы” тақырыптарында іс- шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, өзгенің құқығын құрметтеу, Заң талаптарын бұзбаудың маңыздылығы тұрғындарға, соның ішінде жастарға түсіндіріліп отырады.
Округте сенім телефоны жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Заңды және жеке тұлғалардан келген өтініштер дер кезінде қаралады.

Асқар Прманов,
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін378
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3737
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9923
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476452

Серіктестер