Онлайн газет



БАҚША ӨНІМДЕРІНЕН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Тағамнан улану - санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Жаз – жеміс-жидек, көкөністер кезеңі. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге толы. Олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылы жайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар мөлшерден тыс болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін.
Денсаулыққа нитраттардан гөрі метаболиттер – нитриттер қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Олар түрлі микроағзалардың әсерінен өнімдерді сақтағанда, кулинарлық өңдеуден өткізгенде пайда болады. Құрамында белгіленген нормадан тыс нитраттары бар тағамдар жегенде, ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобинемия аса қауіпті.
Аудан халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Тексеруден сырт қалғысы келген сатушы өнімді белгіленбеген жерден сатқанды жөн көреді. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек. Өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.

Бақыт Абуов,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3735
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9921
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476450

Серіктестер