Онлайн газет



ҚЫЛМЫС САНЫН БІРГЕ АЗАЙТАЙЫҚ

Қылмыстың алдын алу - басты міндет. Бурыл ауылдық округ бойынша ауылдық ардагерлер кеңесі мен жастар ісі бойынша аға инспектор, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алкогольді ішімдік пен темекі өнімдерін сатуды бақылау бойынша

рейдтік тексерулер ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарына үлкен мән берілген. Сонымен қатар ұрлықты алдын алу мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері мен ауылдың ерікті жасақшылар тобы мүшелерінің қатысуымен түңгі рейдтік кезекшілік ұйымдастырылған.
Округ аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мақсатында орталық көшелерінде 8 (дана) бейнебақылау камералары мен «Пәтер ұрлығынан сақ болыңыздар!», «Мал ұрлығын алдын алайық!» тақырыптарында көрнекі билбордтар орнатылған.
Бурыл ауылдық округінде жылдан басынан бері 6 қылмыс тіркеліп, 2 ашылмаған. 1 пәтер ұрлығы, 4 алаяқтық ісі, 1 бөтеннің мүлкін ұрлау орын алған.
Қазіргі таңда округ бойынша сотты болғандар саны 8 адам, пробациялық тізімде 5 адам, маскүнемдер тізімінде 18 адам, есірткі пайдаланушылар саны 4 адамды құрайды.

 

Әлібек Қуанышев,
Бурыл ауылдық округінің әкімі.

Обновлено 28.07.2021 10:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін372
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3731
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9917
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476446

Серіктестер