Онлайн газет



ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ ОТЫРЫСЫНДА

«Nur Otan» партиясының жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың жұмысын күшейту партиялық жаңғырудың аса бір жауапты бағытына айналып отыр.
Партия органдарының әлеуетін барлық деңгейде арттыра отырып, ауыртпалықтардан арылу мен атқарушы биліктің партиялық жауапкершілігін барынша көтеру мәселелері қоғамда, оның ішінде, тұрғындар арасында үлкен оң пікір қалыптастырды.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2021 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы жасаған хабарламасында партия аудандық филиалы мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі Шолпан Байтақова мәлім етті. 
- Аудан бойынша сайланған 17 мәслихат депутатының 14-і «Nur Otan» партиясының әрі мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері. Атқарылатын жұмыстардың барлығы «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы туралы Ережесіне және «Nur Otan» партиясы Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына сәйкес жүргізілуде, - деген Шолпан Қайратқызы есепті баяндамасында ағымдағы жылдың қаңтар айында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының өзара іс-қимылдарының 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары анықталып, фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілгенін жеткізді.
Депутаттық фракция мүшелері атқарушы билік тармақтары жанынан құрылған түрлі комиссиялар мен кеңестердің жұмысына белсенді түрде қатысып, мемлекеттік және аумақтық, салалық бағдарламалардың орындалуына, бюджет қаржыларының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауда.
Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын партия аудандық филиалының мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері өз сайлаушыларына түсіндіру жұмыстарын және аудандық партия филиалында фракция мүшелерінің халықпен кездесу кестесіне сәйкес, «Есіктен - есікке», «Экспромт - кездесу», «Канвассинг - сайлаушылармен кездесу», «Депутатқа сауал қой?» тікелей эфирі, қоғамдық  қабылдау, бастауыш партия ұйымдарында көшпелі қоғамдық қабылдау мен ауылдық округтерде ардагерлер мен қауымдастық кеңесі мүшелерімен кездесулер өткізген.
Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру - сайлау жиналыстарына депутаттық фракция мүшелері мен Саяси кеңес мүшелері қатысса, депутаттық фракция мүшелерінен құрылған жұмысшы топ аудандағы құрылыс нысандарының жұмыстарына зерделеу жүргізген.  Сонымен бірге, фракция мүшелері «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінде «Депутат бейнесі» тақырыбында  онлайн форматта оқудан өтіп, сертификатқа иеленген.
«Nur Otan» партиясының фракция мүшелері «Nur Otan» партиясының бағдарламалық құжаттарын, партияның Саяси доктринасын, партияның сайлауалды бағдарламасынан туындайтын міндеттерін, 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партия бағдарламасын аудан тұрғындары арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстарын аудандық партия филиалымен келісілген кестеге сәйкес, тұрақты түрде жүргізіп келеді. Нәтижесінде есепті мерзімде ауданның барлық елді мекендерінде, кәсіпорындар мен мекемелерде бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе отырып сайлаушылармен он екі рет кездесулер ұйымдастырылған.
Фракция мүшелері тарапынан партияның аудандық филиалында 25 қоғамдық қабылдау өткізіліп, қабылдауға келген 29 адамдың өтініштері оң шешімін тапса, қалған өтініш иелеріне заң талаптарының аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан 9 сауал жолданып, оның 3 сауалы орындалды. Биылғы жылы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, фракция мүшелері аз қамтылған 105 отбасына азық-түлік пакеттерін, «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында демеушілік көмектер көрсеткені айтылды.
Баяндамашы өз сөзінде есепті мерзім ішінде, партия аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен үш мәрте отырыс өткізіліп, қорытындысы бойынша фракция мүшелері тарапынан 14 ұсыныс беріліп, оның  барлығы орындалғанын атап өтті.
Отырыс соңында күн тәртібіне шығарылған мәселеге қатысты жиын қатысушылары тарапынан берілген сауалдарға нақты жауаптар қайтарылып, тиісті шешім қабылданды.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
аудандық партия филиалының консультанты.

Обновлено 21.07.2021 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1380
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7397
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32964
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203694

Серіктестер