Онлайн газет



СЕМИНАР САБАҚ ӨТТІ

Аудандық сотта судья Ертай Аккулиев семинар сабағын өткізді. Оған судья Айкерім Телесбаева, кеңсе меңгерушісі Ерболат Жақсыбаев пен мемлекеттік сот қызметшілері қатысты.
Судья Ертай Мақашұлы баяндамасын сыбайлас жемқорлықтыққа,  құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ақпараттан бастады. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметінің басты бағыты - сот жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлықтықтың  алдын алу болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар баяндамашы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Судья сот мамандарының назарын  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен көзделген құқықтар мен міндеттерді мүлтіксіз орындауға аударды. Сондай-ақ сот аумағында және ғимараттарында өткізу және объектішілік режімінің қағидаларымен белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттігіне екпін салды.
Семинар соңында судья Ертай Аккулиев соттың мемлекеттік қызметшілерінің процессуалды емес байланысқа түспеулеріне, сондай-ақ процеске қатысушылардың арасында мүдде жанжалына, арандатушылыққа  жол бермеуге шақырды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 21.07.2021 10:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1521
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7538
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33105
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203835

Серіктестер