Онлайн газет



«МЕНІҢ КӨШЕМНІҢ ТАРИХЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 103-тармағын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Менің көшемнің тарихы» атты облыстық акциясының негізінде Байзақ ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жоспары бекітілген болатын.

Акция мақсаты-Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілге сұранысты жоғарылату және тіл мәдениетін жетілдіруге қол жеткізу, атаулар арқылы туған өлке тарихына қызығушылық арттыру көзделеді. Қоғамның назарын ауыл көшелерінің тарихына аудару, әр көшенің өзіндік атауы мен сырын жұртшылыққа насихаттау. Әр көшенің өзіндік атауы мен сырын жұртшылыққа насихаттау арқылы жастардың, сол жерде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге ниетін, қызығушылығын арттыру. Туған өлкесінің, елді мекендер мен көшелердің тарихы туралы жастар танымын арттыру және тарихты зерттеуге үлес қосуын қалыптастыру.
Өткен аптада “Менің көшемнің тарихы” атты акция  Дихан және Бурыл ауылдық округтерінде  өтті.  Атап айтқанда, Бурыл ауылында еңбек және ҰОС ардагері Жайдарбек Бұзаубақов есімі ұлықталды. Онда Жайдарбек Бұзаубақовтың ұрпақтары, ауыл, көше тұрғындары естеліктер айтып, шөберелері өнерлерін көрсетіп, аталарының өмірбаянын баяндап, мақтанышпен еске алды.
Еңбек және соғыс ардагері Жайдарбек Бұзаубақовтың қызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА академигі Клара Бұзаубақова әкесі туралы естеліктер айтып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыс айтып, жергілікті кітапханаға өзінің еңбектерін сыйлады.
Аудандық мәдениет үйінің әншілері мен  ауыл жастары әуелетіп ән салып, шараның  ажарын келтірді.
Акция жыл соңына дейін жоспар бойынша барлық округтарда жалғасын табатын болады.

Гаухар Таукебаева,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Обновлено 21.07.2021 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін79
mod_vvisit_counterКеше333
mod_vvisit_counterОсы аптада79
mod_vvisit_counterӨткен аптада2343
mod_vvisit_counterОсы айда79
mod_vvisit_counterӨткен айда10287
mod_vvisit_counterБәрі1452554

Серіктестер