Онлайн газет



ШЕШІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Сейсенбі күні, аудан әкімдігінің мәжілістер залында жетінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясы болып өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Сессияға ұсынылған күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2021-2023 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №78-2 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтің, "Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №40 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Исағали Сәлімбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселелер алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды. Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен олардың уақытша міндетін атқарушылар қатысты.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 19.07.2021 10:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін105
mod_vvisit_counterКеше333
mod_vvisit_counterОсы аптада105
mod_vvisit_counterӨткен аптада2343
mod_vvisit_counterОсы айда105
mod_vvisit_counterӨткен айда10287
mod_vvisit_counterБәрі1452580

Серіктестер