Онлайн газет



ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА

Апта басында аудандық мәслихаттың «Білім, тілдерді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ағымдағы жылға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, кезекті отырысы болып өтті.
Аталмыш тұрақты комиссияның төрайымы Гүлбахрам Ермекованың жетекшілігімен өткен отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Алдымен, «Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандағы ұлттық – мәдени орталықтардың жұмыстарын жақсарту мақсатында атқарған жұмыстары» туралы аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықовтың есепті баяндамасы тыңдалып, тиісті ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, күн тәртібіне шығарылған «Қызыл жұлдыз, Қостөбе ауылдық округтерінде мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін оқып – үйренуіне жағдай жасау жұмыстары туралы» мәселесі бойынша тиісті ұсыныстар жасалып,  тұрақты комиссияның ІV тоқсанында  есепті баяндамалары қайта тыңдалып, қаралуы ұсынылды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін79
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6096
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31663
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202393

Серіктестер