Онлайн газет



Салғырт басшылар жауапкершілігін қарау тапсырылды

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Аудан әкімдігінің кезекті отырысында аудан аумағында жүргізілген екі айлық санитарлық тазалық жұмыстарының елдімекендер мен ондағы әлеуметтік нысандардың (мекемелер) сыртқы келбеті, безендірілуі және қысқы жылыту маусымының барысы мәжіліс қатысушыларының қызу талқылауына түсті. Мәселе бойынша баяндама

 

жасаған аудан әкімдігі  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Қойлыбаев биылғы күзгі санитарлық тазалық жұмыстарының 9 қырқүйек пен 9 қараша аралығында өткізілгендігі, мәселелерге қатысты жергілікті басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, ұйымдастырылған  сенбіліктер, атқарылған жұмыс түрлері мен көлемі туралы айта келе, бұл мақсаттарға бюджет есебінен бөлінген қаражат, оның игерілу деңгейіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Мысалы, 17 ауылдық округтерге 2013 жылы қоғамдық орындарды абаттандыру, сыртқы безендіру және тазалық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 44,7 млн. теңге (көктемгі осы мақсаттағы  жұмыстарға 26,6 млн. теңге) бөлінген екен. Ал, республикалық бюджет есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша, нысаналы трансфереттер ретінде, аталған мақсаттарға жалпы көлемі 54,2 млн. теңге берілген. Оның ішінде, санитарлық тазалық жұмыстарына-8,957 млн. теңге, көшелерді жарықтандыруға-8,650 млн. теңге, көгалдандыру жұмыстарына 13,394 млн. теңге, ауыл көшелерін жөндеуге-23,336 млн. теңге.
Баяндамашының мәліметіне сәйкес, күзгі екі  айлық санитарлық тазалық жұмыстарына жалпы саны 9500-ге жуық аудан тұрғындары  қатысқан (олардың 118-і ақылы қоғамдық жұмысшылар). Аталған мерзім аралығында 2020 түп түрлі ағаштар отырғызылып, 30 шақырым каналдар мен арықтар, 222 шақырым көшелер мен аулалар тазаланған, 379 тонна күл-қоқыс қалдықтары арнайы орындарға тасылып, 100-ден  астам кездейсоқ күл-қоқыс орындары  жойылған.
Бұдан әрі қарай, баяндамашы әрбір ауылдық округтерге жеке-жеке тоқталып, көпшілік назарын түсірілген слайдтарға аударды. Онда штаб мүшелерінің елдімекендерді аралап,  көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және мекемелердің безендірілу, жарықтандыру жұмыстарының орындалу деңгейін тексеру нәтижелерімен таныстырды.
Қысқы жылыту маусымына дайындық қашанда өзектілігін жойған емес. Сондықтан да көкейкесті мәселе түрлі деңгейдегі жиындардың басты тақырыбына айналғаны жасырын емес. Ала жаздай жасалған дайындық жұмыстарына, сан рет айтылған ескертулерге қарамастан жоғарыда айтылған тексерулер нәтижесі көңіл көншітер емес. Мысалға, штаб мүшелерінің елдімекендерді, нысандарды аралау барысында анықталғаны  кейбір мектептердің терезелері бүтінделмеген немесе екінші қабат әйнектері жоқ болып шықса, енді бірінің шатырынан су ағып, толық жарықпен қамтамасыз етілмеген, ал бірқатар мекемелерде өрттің тілсіз жау екендігін ұмытқан  от жағушы азаматтар жұмыс орындарынан табылмаған. Бұл тиесілі ұжым басшыларының, техникалық қызметкерлердің өз міндеттеріне деген жауапсыздығы демеуге амал жоқ.
Баяндама аяқталысымен күн тәртібіндегі мәселелер онымен қатар жүктелген функционалдық міндеттердің және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жайында аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенованың, Жаңатұрмыс, Темірбек ауылдық округтерінің әкімдері Қ.Шалбаев пен А.Амировтердің есептері тыңдалды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы, әкімдік мүшелері тарапынан көтерілген мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Мәселенің маңыздылығын қайта ескерген аудан әкімі тиесілі сала басшыларына, өз функционалдық міндеттеріне салғырт қараған азаматтардың  жауапкершілігін қарауды тапсырды. Бұдан соң мәжіліс қатысушылары аудан әкімдігі аппаратындағы, оның құрамдық бөлімшелеріндегі орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің меңгерушісі М.Биназарованың хабарламасын тыңдап, талқылады.
Әкімдік мәжілістің күн тәртібіне шығарылған басқа да мәселелер талқыланып, оның әрбірі бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

Обновлено 05.12.2013 18:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін809
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3101
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10742
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262411

Серіктестер