Онлайн газет



ЖАҢА ӘЛІПБИ – БОЛАШАҚ МҰРАТЫ

Латын әліпбиін әлемнің көптеген елдері кеңінен қолдануда. Ғаламтордағы ақпараттың  басым бөлігі латын әріптерімен ұсынылған.
Елбасы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa  aрaб жaзуы келгені тарихтан аян. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлды. ХХ ғасырдың бaсындa қоғам қайраткері  А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпби қолданылуда. Қазіргі кездe лaтын әліпбиінe көшуге жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Елде латын графикасына  толық көшу 2025 жылға жоспарланған. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан барлық жұмыстар  қолға алынып, жүйелі  тірліктер атқарылуда.  Мәселен,  газет-журнал, телеарналардың  атауы латынша жазылған. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында: “Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түйсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі  болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек” еді.
Латын графикасына көшу - түркі және жаһандық елдермен ықпалдасуға, халқымыз ертеден қолданған әліпбиімізге қайтадан оралуға, ең бастысы төл тіліміздің мәртебесін биіктетуге жол ашады.

Нұржамал Сапаралиева,
аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1823
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5964
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31531
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202261

Серіктестер