Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР – АУДАНЫМЫЗДА

Кеше, өңірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік  инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының іске асырылу барысы туралы мәселелері бойынша жұмыс сапарымен келді.

Алғашқы жұмыс сапарын Тараз қаласында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының іске асырылу барысы туралы мәселелерін зерделейтін жұмыс тобымен кездесуден бастаған Ғабидолла Абдоллаұлы біздің ауданға арнайы келді. Ресми қонақты аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қарсы алды.
Аталмыш пилоттық жоба бойынша біздің ауданнан екі ауылдық округ қамтылғаны белгілі. Ғабидолла Оспанқұлов Қостөбе ауылдық округінде болып, пилоттық жобаның іске асырылуы барысын зерделеп, бірқатар жоба қатысушыларының үйлерін аралап, олардың қолға алған жұмыстарына куә болды. Кездесу барысында алдағы жоспарларын ортаға салған ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Олардың қатарында, алдымен жайылым жерлердің аздығы, жем мен шөп бағасының тұрақсыздығы, ағын судың тапшылығы, газ, жарық пен су бағасының қымбаттауы сынды мәселелер бар. Сонымен қатар, кооператив мүшелігіне қабылданған тұрғындар кооператив тарапынан мүмкіндігінше қолдау болып жатқанын айтып, ағынан жарылды.
Пилоттық жоба арқылы ауыл халқының әлеуметтік жағдайларының жақсарғанын тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов бұдан бөлек гидропоника қондырғысы жайында түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, Қостөбе ауылдық округінің әкімі Дәурен Тәжібеков қосымша түсінік беріп отырды.
Жоба аясында кооперативке біріккен ауылдық округ тұрғындарының атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берген Мемлекеттік инспектор түс ауа көршілес Жамбыл ауданына аттанып кетті.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 09.06.2021 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін5
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада987
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6612
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435183

Серіктестер