Онлайн газет



БЕРЕГЕН ҚОЛ БЕРЕКЕЛІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «30 игі іс» акциясы шеңберінде Мырзатай ауылдық округінде   қайырымдылық шаралар жүйелі өтуде.
Мұқтажға қол ұшын беру, айналаңа риясыз мейірімділік көрсетіп, адамдарға жақсылық жасау, қуаныш сыйлай білу де өнер. Бір ғана маусым айында округімізде бірнеше сауабы мол шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып,  Мырзатай ауылдық әкімшілігі және әлеуметтік қызметкер Жұлдыз Көшкінбаеваның ұйытқы болуымен “Бақытты балалық шақ” атты ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар әр топқа бөлініп өнерлерін көрсетті. “Мәдени шығармашылық” аталымында жасөспірімдер әуелетіп ән айтып, дөңгелене биледі. “Біз бақытты баламыз”  тақырыбында өткен сайыста бүлдіршіндер асфальтқа  сурет салу,  мафия балалар ойынын ойнау, Кітап FEST  сайыстары аясында жарыстар өрбіді.
Мерекелік іс-шара соңында қатысушыларға 200 дана тегін балмұздақ таратылып, 4 аталым бойынша топ жарған өнерлі балалар Алғыс хатпен марапатталды.
Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Осыған орай Мырзатай орта және Дихан тірек мектептерінде жазғы лагерьдегі өрендерге аудандық мәслихат депутаты Бағдат Момынов пен округ әкімі Рустам Абилдаевтың демеушілігімен балмұздақ үлестерілді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік қызметкер Жұлдыз Көшкінбаева және жастар ісі жөніндегі инспектордың қолдауымен мүмкіндігі шектеулі  бала тәрбиелеп отырған отбасыға азық-түлік қоржыны табыс етілді.
Аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, қолғабыс жасау да назардан тыс қалмайды. Аталған округте тұратын, тыл ардагерлерінің, жалғызбасты қариялар мен аналардың үйлерінің аулалары тазартылды.  Сондай-ақ, округ аумағындағы көпбалалы, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға да қолдан келгенше көмектер көрсетіліп тұрады. Таяуда Мырзатай ауылдық округіне қарасты “Жібек жолы” дүкенінің иесі  қоғамның осал топтарына 100-ге тарта  бөлке нанды тегін таратты.
Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек. Қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту, қамқорлыққа зәру жандарға қолдау көрсету, қол ұшын беріп, қуаныш сыйлау да сауапты іс. Олай болса,  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында қолға алынған игі істерге үлес қосуға шақырамыз.
Қайырымдылық іс-шаралар циклі жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Нұртас Уалиев,
Мырзатай ауылдық округінің жастар ісі  жөніндегі аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін42
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада1024
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6649
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435220

Серіктестер