Онлайн газет



ЫРЫСЫ ЕРЕН ЫНТЫМАҚ

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында елімізде ауқымды тірліктер қолға алынуда. Ырысы ерен Ынтымақ ауылдық округінде 2002 тұрғын тұрады,  аула саны 326.
Мәдімар ауылында 402 орындық   Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, мал дәрігерлік ветеринарлық бекет, клуб, кітапхана,  6 азық-түлік дүкені, пошта, мешіт ел игілігіне қызмет етеді.
Ауыл тұрғындары негізінен  егіншілікпен  және мал шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылдың  5 айында жергілікті салық түсімдері, атап айтқанда,  жер, мүлік, көлік  салықтары бойынша жоспар артығымен орындалды.
Ауыл – нағыз шаруалардың мекені. 2021 жылы округ бойынша 610 гектар жерге күздік бидай, 1532 гектар жерге жаздық арпа, 55 гектар жерге жоңышқа орналастырылды.
Округ  аумағында 84  шаруа қожалықтары  тіркелген. Қожалықтар иелігіндегі техникаларды жаңартуға ден қойған. Мәселен, 2020 жылы жалпы сомасы 44 340 000 теңгеге 2 трактор, 14 әртүрлі техникалар алынды. Үстіміздегі жылы «Халық» шаруа қожалығының басшысы Б.Омаров МТЗ-82 тракторын  8 960 000  теңгеге алуға қол жеткізді. 2020 жылы  36 шаруа қожалыққа 62 550 000 теңге субсидия берілді.
Өткен жылы 17  азамат қайтарымсыз  грант алып, 2-і тігін тігумен, 1-і адам қаз өсірумен, 1-і дәнекерлеу жұмыстарымен, 13-і малшаруашылығымен айналысуда. Осы бағыт бойынша 6 адам несиеге құжат тапсырып, 20 200 000  теңге несиеге қол жеткізді. “Қарапайым заттар экономикасы” бойынша 3 жоба  мақұлданып, бүгінде “Ильяс”  шаруа қожалығы қой өсіру, “Кемпірековтер” шаруа қожалығы  асыл тұқымды ақ бас сиыр өсірумен айналысуда.
Жергілікті тұрғындардың  67,4 пайызы  көгілдір отынмен, таза ауыз сумен 100 пайыз  қамтылған. 2021 жылға ауылдық клубқа көгілдір отынды кіргізу жоспарлануда.
Ауылдық клубта ән, би,  бокс үйірмелері жұмыс жасайды. Оған 68 оқушы қатысуда. Кітапханада кітап қоры 83210  дананы құрайды, оқырман саны 586. 2018 жылдың  желтоқсан айынан бастап  ауыл тұрғындарына ақпараттық орталық қызмет көрсете бастады. Жыл басынан бері орталықтан   251 адам қызмет алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деген еді.
Жас ұрпақты біліммен, өнегелі тәрбиемен  қамту мақсатында ауылымыздағы  Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте 402 оқушыға 60 мұғалім дәріс береді. Олардың 55 жоғары білімді, 5 арнаулы орта білімді.  2020 жылы ҰБТ-ге мектеп бітірушілерден 5 оқушы қатысты. Орташа балл 83,3 % құрады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бақшамен қамту шешімін тапқан. «Балдәурен» бөбекжай  бақшасында 50 бүлдіршін тәрбиеленеді. Мұнда 10 педагог тәрбиеші, 14 кіші қызметкер жұмыс жасайды.
Округте 10 төсектік күндізгі стационар және дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.Ағымдағы жылдың 5 айында  13 сәби дүниеге келді. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері  коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, тұрғындарға сақтық шараларын ұстану, екпе салдырудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Спортшыларымыз байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүргендер қатары күн санап өсіп келеді. Бұқаралық спортты дамытудың алғы шарттарының бірі-спорттық ғимараттарға қолжетімділік. Бұл тұрғыда ауылда  4 спорттық секциялар: бокс, дзюдо күресі, волейбол және футбол үйірмелері жұмыс жасайды. «Стрит воркаут» алаңшасы да жастардың игілігінде.
2021 жылдың 2 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасына тағайындалып отыр. Жалпы  округ бойынша тұрмысы төмен отбасылар қатары тұрақты жұмысқа тарту және қайтарымсыз грантқа қол жеткізу арқылы кеми түсуде.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Асарлатып үй салу» жобасы өткен жылы облыс аудандары арасынан біздің ауданда бірінші қолға алынған болатын.  Ауыл жастары, еріктілер мен тұрғындар, ақсақалдардың және демеушілердің қолдауымен Мәдімар ауылының тұрғыны, жалғызбасты,  4 баланың анасы Ғалия Құрмановаға 4 бөлмелі тұрғын үй  салынып берілді. 2021 жылы да бұл бастама қолдау тауып,  аз қамтылған  Пернеш Тыныштықбаевқа 5 бөлмелі  үй салып беру қолға алынды. Бүгінде үйдің іргетасы қаланып,  құрылысы жүруде.
Өткен жылы  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2020 жылғы 22 мамырдағы 113-ө өкіміне сәйкес «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланған болатын. Аталған байқауға Ынтымақ ауылдық округі қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Жүлде ретінде 4 млн. теңге қаражат берілді. Осы қаражатқа ауылдық ардагерлер алқасының қаулысына сәйкес Н.Түйтебаева көшесіне жарық қондырғылары, ауылдың кіреберісіне «Мерейлі мекенім Мәдімар» атты стела, Жүнісбек көшесінің басы жағына билборд және ауылға кіреберіс көшесінің бойына 6 дана нақыл сөздер жазылған қалқаншалар орнатылды. Сонымен қатар осы көше бойына 170 түп  арша көшеттері, жасыл белдеу ішіне 300 түп қара тал көшеттері отырғызылды.
Ауылымыз жылдан жылға көркейе түсуде. Тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс сапасы артуда. Ең бастысы - елдіктің басты көрсеткіші – бірлік пен ынтымақты сақтау.  Осы жолда ауыл тұрғындары «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол» шығара жұмыс жасай беретін болады.

Мейірбек Ноғаев,
Ынтымақ ауылдық округінің әкімі.

Обновлено 09.06.2021 10:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін38
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада1020
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6645
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435216

Серіктестер