Онлайн газет



ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ

Қант   қызылшасы  техникалық   дақылдар ішінде аса бағалы  мәдени өсімдікке  жатады.
Қант қызылшасы халық шаруашылығында кеңінен  және жан-жақты пайдаланылады. Қант тамаққа кеңінен   қолданылатын сіңімді  және калориялы, дәмді  углеводтар  болып табылады. Қант   қызылшасының құрамында  фосфор, кальций, калий,  күкірт,  натрий,  хлор,  магний,  марганец, йод, кобальт, мыс, алюминий, никель, мышьяк және бор болады.
Егісті күтіп баптаудағы  басты мақсат-қызылшаның өсіп  жетілу кезеңінің  басынан  бастап  оны  жинап  алғанша ылғалмен,  ауамен және  қоректік заттармен  жеткілікті  мөлшерде  қамтамасыз етіп отыру. Егісті  дұрыс күту арқылы оларды  арамшөптерден  тазартады.
Қызылшаның зиянкестері  мен  ауруларына  қарсы  тиісті  шараларды өз уақытында  талапқа сай жүргізу қажет. Зиянкестер  қант  қызылшасына  аса қауіпті, сондықтан  олармен  күресудің  орасан  зор маңызы  бар. Бүгінгі таңда өрмекші  кенелер, тамыр биті,қызылша шіркейлері  және  күзгі  қоңыр көбелектер сияқты  зиянкестер  көптеп  кездеседі. Зиянкестерге  қарсы  күресудің бірден - бір  дұрыс  жолы егіншілік  мәдениетін  көтеру  болып  табылады. Бұның ішінде  әсіресе,  қоңыр көбелек  негізінен  арам  шөбі  бар  жерде  өсіп өнетін болғандықтан, қызылша көктегеннен бастап арам шөптермен күрес  жүргізу. Әдетте күздік көбелек кеш  себілген  қызылша  егісін  басым зақымдайды, себебі ондай қызылшаның көктеуі  көбелектердің ұшуымен  дәл  келеді.
Өрмекші кенелер өрмекші  тәрізділер класының  кенелер  отрядына  жатады.Бұларға  қарсы Би-58Новый 40% к.э. шығын  мөлшері 1,0л/га,Сумитион 50% к.э. шығын мөлшері 0,6-1,0л/га, препараттарының бірімен  өңдеу  қажет.
Қызылшаның қалқан тұмсық қоңызы жапырақ жегіштер тұқымдастарының қатты  қанаттылар  отрядына  жатады. Қоңыз жылына екі ұрпақ  береді. Біріншісі мамыр - маусым,  екіншісі шілде -  тамыз айларына  сәйкес  келеді.Бұл зиянкеспен  күресу үшін егістің  айналасын арам шөптерден, әсіресе  алаботадан  таза  ұстау  қажет. Диазинон 60%  к.э. шығын мөлшері 0,6-1,0л/га, Диазол 60% к.э. шығын  мөлшері 1,5-2,0л/га препараттарының бірімен  химиялық өңдеу жұмысын  жүргізу қажет.
Елімізде қант  қызылшасына  залалын  тигізетін  аурулардың  түрлері көп.Қызылшаның  аурулары  негізінен  екі  топқа  бөлінеді. Біріншісі паразитті  аурулар, бұлар  саңырауқұлақтың, вирустар  мен паразиттердің  әрекетінен пайда болады,ал соңғысы  паразит  емес аурулар  бұлар  көбінесе топырақ –климат  жағдайларының қолайсыз әсерінен  пайда  болады. Көбінесе қызылшаның  тамыр жегі,  ақ  ұнтақ, церкоспороз,тамыр  шірімелері  кең  тараған.
Ақ  ұнтақ  ауруын  саңырауқұлақ  микроорганизмдері  тудырады.Бұл  ауруға  шалдыққанда өсімдік  жапырақтарының  екі  жағын  бірдей және сабақшаларын  сұрғылт ақ  түсті  ұнтақ басады Өсімдік  ауруға  ыстық  күн  әрі  құрғақ кезде көбінесе шілде- тамыз  айларында  шалдығады.Бұған қарсы фосфорлы және калийлі қосылыстармен  үстеп  қоректендіру,егісті суарудың  режімін дұрыс жүргізу, қызылшаның ауруына қарсы  тұру қабілетін арттырады. Болмаса Альто 400S c.к.0,15 кг/га, Байлетон 25% с.п.0,6 кг/га, Дерозал 50% с.п. 0,6-0,8 кг/га бірін  мөлшерінде  пайдалану  қажет.
Жапырақтың  құрғақ  дақтануы  және  оның құрғауының  белгісі қызылшаның  жапырақтарына сұр түсті дақтар пайда  болады. Дақтар  бір – бірімен қосылып жапырақты түгел  зақымдауы мүмкін. Соның  нәтижесінде жапырақ қурап қалады.Бұл  кесел  көбінесе  шілде- тамыз айларында ауаның температурасы әбден  жоғарылаған  кезде және сол кезде  топырақтың  бойындағы ылғалдың жетіспеуінен  болады. Бұл қызылшаның  өсуі мен  қанттылығына көп нұқсан  келтіреді.Бұл аурумен күрес  негізінен агротехникалық  жолдармен  жүргізіледі. Егісті өз  уақытында  суару  топырақты  бірқалыпты ылғалдандыру,  минералды тыңайтқыштарды кеңінен қолдану жұыстары  жатады.   
Топырақ құрамындағы  элементтердің маңызы – олар өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым қатынасты белгілейді, ал мұның биологиялық зор маңызы бар. Топырақтың органикалық қосындыларының негізгі құрамын түзейтіндіктен әсіресе көміртегі, сутегі, және оттегінің маңызы  үлкен. Оттегі өсімдіктің көптеген органикалық заттарының құрамына енеді: мысалы көміртегі және басқа  қоректік элементтер оттегімен қосылады.
Қызылшаға қажетті қоректік заттардың азот, көміртегі,фосфор,калий,күкірт,кальций,магний,темірдің топырақта жеткілікті болуы жоғары сапалы мол өнім алуды қамтамасыз етеді.

Раушан Қонысбаева,
ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін40
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада1022
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6647
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435218

Серіктестер