Онлайн газет



ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП ОРТАҚ

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерiн ұстау тәртiбi мындай:
90. Балалардың сауықтыру лагерьлерiнiң ағаш ғимараттары бiр қабатты етiп көзделеді. Каркас және тақтай ғимараттар сыланады және олардың жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болады.
91. Мыналарға:
1) ғимаратты жанғыш материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға;
2)  балалар жұмыс iстейтiн ағаш ғимараттарда асханалар, кiр жуу орындарын орнатуға;
3) жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам баланы орналастыруға;
4) жазғы маусымда балалар жұмыс iстейтiн үй-жайларда пеш жағуға, керосиндi және электрлiк қыздыру құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.
92.Балалардың жазғы демалыс орындарындағы, сауықтыру лагерьлерiндегi кiр жуатын бөлмелер мен асүйлер балалар орналасатын ағаш ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықтағы оқшау құрылыстарға орналастырылады.
93. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлмеген жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерiнде орналастыруға жол берiлмейдi.
94. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлерi телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берiлетiн дабыл белгiсiмен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Оларда қызмет көрсетушi персоналдың тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi. Кезекшiлердiң үй-жайларына телефон орнатылады.
Далалық жерде, сондай-ақ, су маңына барған кезде балаларды қараусыз жіберуге болмайды.
Ғимарат аумағында жанғыш қалдықтар, қоқыстар орналаспауы тиіс.
Шатыр асты есіктері құлыппен жабдықталып, аталған есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпарат ілінуі тиіс.
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер,  басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есіктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен және басқа заттармен үйіп тастауға жол берілмеуі керек.
Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы электрлік қолшамдармен қамтамасыз етілуі міндетті.
Қолшамдар санын басшы объектінің ерекшеліктеріне, кезекші қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты анықтайды, бірақ кезекші қызметкерлер құрамының әрбір кезекшісіне біреуден кем болмау керек.

Архат  Өксікбаев,
аудандық ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада1021
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6646
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435217

Серіктестер