Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Кеше, аудан орталығынан орын тепкен Ақәділ Суханбаев атындағы балалар саябағында тұғырлы тәуелсіздігіміз бен еңселі елдігіміздің белгісі- Мемлекеттік рәміздерді ұлықтап, қастерлеу мақсатында, салтанатты шара ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойғаны белгілі.  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданса, осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым - Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Карантин талаптарын сақтай отырып, өткізілген салтанатты шара қатысушыларын аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов құттықтады.
- Бүгін, Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлы мереке - Мемлекеттік рәміздер күнімен баршаңызды құттықтаймын. Елбасы «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»,- деген болатын. Ендеше, азат елдің символына айналған Туымызды, еңселі Елтаңбамызды, асқақ Гимнімізді қастерлеп, құрмет көрсету – әрбіріміздің қасиетті борышымыз, - деген Дәуір Рысбайұлы айтулы күннің маңызына, рәміздердің қадір - қасиетіне тоқталды.
«Мемлекеттiк рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін Мемлекеттік рәміздер – қастерлі. Ал, әр азаматтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі – өз-өзіне көрсеткен құрметінің, болашағына деген сенімінің, өлшеусіз мақтаныш сезімінің көрінісі», - деді өз құттықтауында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.
Бұдан соң барлық акция қатысушылары бір мезетте Мемлекеттік Гимнді қосыла шырқады. Сонымен қатар, аталмыш шарада патриоттық бағыттағы Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің қызметкері Алмахан Исабаев орындады.
Айта кетейік, бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мерекеге орай, облыстық деңгейде спорттық жарыс ұйымдастырылған болса, салтанатты шара соңы арнайы автокеруенге ұласып, орталық көшелерімен жүріп өткен шеруге қатысушылар ұлттық нышандарымызды кеңінен насихаттап, құндылықтарымызды паш етті.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 07.06.2021 11:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін5
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада987
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6612
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435183

Серіктестер