Онлайн газет



59 551 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДАҚЫЛДАР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде байзақтық дихандар дала төсін  дүбірге толтырып, қарбаласқа түсіп жатқаны белгілі. Осы мақсатта, көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына байланысты аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Ақжоловтың бізге берген мәліметін оқырман назарына ұсынбақпыз.
Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59 551 гектарды құрайды, оның 30 227 га суармалы, 29 324 га тәлімі.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың өнімі үшін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 21 558 гектарға (күздік бидай 8 730 га, жаздық арпа 10 128 га, дәндік жүгері 2 650 га, дәнді бұршақ 50 га), майлы дақылдарды 1 057 гектарға (мақсары 1 000 га, рапс 57 га), қант қызылшасын 1 500 гектарға, картопты 700 гектарға,  көкөністерді  7 200 гектарға, бақшаны 2 500 гектарға және мал азықтық дақылдарды 25 001 гектарға және таңқурай, құлпынай дақылдары 35 гектарға, ауыл шаруашылығы дақылдарын барлығы 59 551 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған.
Бүгінгі күнге, 2 365 га жер жыртылып, орындалуы 100% (жоспар 2 365 га), 31 035 га жер дайындалып, орындалуы 100% (жоспар 31 035 га), 12 730 га жаздық арпа, орындалуы 125,7% (жоспар 10 128 га), 5 589 га жаңа көп жылдық шөп (жоңышқа), орындалуы 107,5% (жоспар 5 200 га), 5 498 га көкөністер, орындалуы 76,4% (жоспар 7 200 га), 1 100 га майлы дақылдар, орындалуы 110% (жоспар 1 000 га), 1 760 га бақша дақылдары (қарбыз), орындалуы 70,4% (жоспар 2 500 га), 700 га картоп, орындалуы 100,0% (жоспар 700 га), 2 001 га дәндік жүгері, орындалуы 75,5% (жоспар 2 650 га), 250 га сүрлемдік жүгері, орындалуы 100,0% (жоспар 250 га), 50 га дәнді бұршақ, орындалуы 100,0% (жоспар 50 га) және 1 500 га қант қызылшасы, орындалуы 100,0% (жоспар 1 500 га) себілді. Сонымен қатар, 8 730 га күздік бидай мен 19 551 га ескі көп жылдық шөп, жалпы аудан бойынша 59 551 га (2020 жылы 55 514 га) егістік алқапқа дақылдар орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 037 гектарға  артық.
Дәндік жүгері, көкөніс және бақша дақылдары жоспарының орындалмау себебі, ағын су жағдайы бойынша ағымдағы жылы ауа райының қолайсыздығынан “Шу-Талас” бассейні “Киров” су қоймасының (Қырғыз Республикасы) көлемі өткен жылмен салыстырғанда аз болуына байланысты және «Өтеміс», «Сеңкібай», «Белқожа», «Байзақ», «Сәмбет», «МР-3», «МР-4», «Свекловичный» каналдарын қайта қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ағын су тапшылығы болуда. Сондықтан, бұл дақыл түрлеріне шаруашылықтар тарапынан қызығушылық төмендеп отыр. Бұл дақылдардың орнына ағын суды көп қажет етпейтін жаздық арпа, майлы дақылдар  және көп жылдық шөп артық орналастырылды.
Соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары тамшылатып суару технологиясын 2019 жылы 1 346 га алқапқа енгізсе, 2020 жылы бұл көлем 3 032 гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясын қолданған шаруашылықтар, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда  өнімді екі есеге дейін артық алуда. 2021 жылы бұл көлем 1 478 гектарға арттырылып, аудан бойынша 2 038 гектар алқапқа тамшылатып және 2 472 гектарға жаңбырлатып суару технологиялары арқылы жалпы 4 510 гектарға енгізілді.
2021 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің технологиялық карталарына және жоспарланған егін, мал азығы өнімдері алқаптарының көлеміне сәйкес, ауданға облыс тарапынан жеңілдетілген бағамен бөлінген дизель отынының көлемі 715 тоннаны құрады. Операторлар: «Тараз VIP Сервис» - 390 тонна, «Азия Нефтепродукт» - 325 тонна.  Шаруашылықтарға әр литры 158 теңгеден босатылуда. Бүгінгі күнге, 51 шаруашылық 458 тонна дизель отынына сұраныс беріп, 36 шаруашылыққа жалпы, 212 тонна дизель отыны берілді. Жеңілдетілген дизель отынын шаруашылықтарға беру жалғасуда.
2021 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жалпы сомасы 46 млн. теңгені құрайтын 10 шаруа қожалық несиелендірілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 136,1 % артық. Атап айтқанда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 30,5 млн. теңгеге 6 шаруа қожалық, «Құлан-Дән» несие серіктестігі арқылы 1 шаруа қожалық 1 млн. теңгеге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 2 шаруа қожалық 10 млн. теңгеге және «Тараз» микроқаржы ұйымы» ЖШС-і арқылы 1 шаруа қожалық 4,5 млн. теңгеге несиелендірілді.
Биылғы жылдың 5 айында, аудан бойынша 30 шаруашылық жалпы құны 479,5 млн. теңге тұратын 94 жаңа техникалар (оның ішінде, 24 - трактор, 1 - комбайн  және 69 дана әр түрлі техникалар) сатып алды. Техниканың жаңару көрсеткіші 6,1 % құрап отыр. Шаруа қожалықтардың назарына жаңа техника алу тетіктері туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
2021 жылға минералды тыңайтқыштар алу жоспары 3 574 тонна. 2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында жалпы 41 шаруа қожалық 1 324,3 тонна тыңайтқыштарға келісім-шартқа тұрып, оның 1 324,3 тоннасын алды. Оның ішінде, 773,2 тоннасы аммиакты селитра, 492,6 тоннасы аммофос және 58,5 тонна басқа тыңайтқыштар. Тыңайтқыштар енгізілген алқап көлемі 3 588,8 гектар.Тыңайтқыштар алу көрсеткіші - 37,1% құрайды.
Жыл басынан фосфогипс бойынша 4 шаруашылық 5 345 тоннаға келісім-шартқа отырды. Бүгінгі күнге 2 шаруашылық 40 тоннасын жеткізді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін8
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада990
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6615
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435186

Серіктестер