Онлайн газет



СПОРТ САЛАСЫНА СЕРПІЛІС КЕРЕК

Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжіліс залында спорт саласы қызметкерлерімен өткен семинар - кеңес отырысында айтылды. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаңа тағайындалған басшысы Ерік Мамадияров басқосудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, алдағы жоспарлар жөнінде ой бөлісті.
Аталмыш жиынға аудан аумағындағы спорт мектептері мен дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің директорлары мен орынбасарлары, аудан әкімдігінің бас инспекторы және, білім бөлімінің маманы, ауыл, ауылдық округтердегі спорт нұсқаушылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алдымен еңбек жолын қысқаша баяндай келе, өзін таныстырған Ерік Қамбарұлы: «Аудан әкімінің негізгі тапсырмасының бірі – спорт нысандарының тұрғындар мен жастарға қолжетімділігі. Екіншіден – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауылдық округтерге салынып жатқан құрылыстардың сапасы мен оған бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы», - деді.
Отырыс барысында Бурыл ауылында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, тұрғындар игілігіне берілген дене шынықтыру – сауықтыру кешеніне байланысты туындаған мәселенің шешілу жолдары, спорт нысандарының тұрғындарға қолжетімділігі, жастардың спорттық үйірмелерге тартылуы, кәмелет жасқа толмағандар арасында есепке алынған жасөспірімдерді спортқа тарту жұмыстарын жандандыру, Президенттік тест, балалардың жазғы демалыс мерзіміндегі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, іс-шаралар жоспарын әзірлеп, аудандық білім бөлімімен келісілген түрде бекіту, әрбір өткізілген іс-шаралар мәліметінің нақтылығы, спорт нұсқаушыларының есеп беру кестесін әзірлеу жөнінде мәселелер кеңінен қозғалды.


Жиында спорт ардагері, «Бокс» үйірмесінің жетекшісі Асқар Бекбауов, Ж.Үшкемпіров атындағы №9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Шаухаров өз ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу қатысушыларын алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырған Ерік Мамадияров жуық арада барлық ауылдық округтерде спорт нұсқаушыларымен салаға қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізіп, жиынды қорытындылады. Басқосуда көтерілген мәселелер, ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта назарда болатыны айтылды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 07.06.2021 11:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін23
mod_vvisit_counterКеше499
mod_vvisit_counterОсы аптада1005
mod_vvisit_counterӨткен аптада3455
mod_vvisit_counterОсы айда6630
mod_vvisit_counterӨткен айда18529
mod_vvisit_counterБәрі1435201

Серіктестер