Онлайн газет



ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Жадыраған жайдары жаз да келіп жетті. Жаздың келуіне балалардың қуанатын жөні бөлек. Өйткені, қашанда жаз маусымы демалысымен қызықты. Сондықтан елімізде оқушылардың жазғы демалысын пайдалы ұйымдастыру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Білім беру мекемелері үшін каникул мезгілі де үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлшегі саналады.
Оқушылардың бос уақытын қызықты өткізу, олардың денсаулығын қалпына келтіру, жаңа әсерлер сыйлау, шығармашылық өсу, өзара қарым-қатынас, еңбек пен демалысты ұштастыру, ойын, таным, өнер, мәдениет – бәрін тұтас қамту білім беру орындарына жүктелген. Осыған орай, биыл жазғы демалыс қалай ұйымдастырылуда, ұйымдасқан демалыспен қамтылған балалардың саны мен демалыстың сапасы қандай деген сауалдар төңірегінде білім бөлімінің бізге берген мәліметтеріне көз жүгіртсек.
Ағымдағы жылы ауданның білім беру мекемелерінен мектепішілік және сыртқы сауықтыру  лагерьлеріне жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын қамту жоспарланған.
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлері маусым айында жүргізіледі және  пандемияға байланысты биылғы жылы мектеп лагерьлері ыстық тамақсыз  ұйымдастырылады. Қала  сыртындағы лагерьге  2-7- сынып аралығындағы 300 оқушыға 7 500 000 теңге бөлініп, маусым айында Берікқара шатқалындағы «Тау  самалы» лагеріне барып, демалу  жоспарланып отыр.
- Үстіміздегі жылғы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінің жоспарлары  құрылып,  лагерьде жұмыс жасайтын  топтарды  безендіру  жұмыстары  жүргізілді. Мектеп  жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлердің жұмысы 1 маусымда басталып, екі кезеңде ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, алғашқы кезең 1-і мен 12 маусым аралығын, ал, екінші кезең 14 – і мен 25 маусым аралығын қамтиды. 13 маусым – тазалық күні болып бекітілді, - дейді бізге берген сұхбатында білім бөлімінің әдіскері Нәзира Құлмаханбетова.
Жазғы лагерь баланың қоғамдық өмір дағдыларын дамытып, өзін-өзі басқаруын, ұқыптылығын шыңдайды. Мұндағы әрбір бала әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады. Сондықтан да балалардың жаз мезгілінде денсаулығын сауықтырып, шығармашылығын дамыту – бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

*   *   *

Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық деңгейде 1 маусым - Балаларды қорғау мерекесіне орай, «Бақытты балалық шақ» атты балалардың асфальтқа сурет салу (сырттай)  байқауы өткізілді.
Сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамытып, көркем шығармашылыққа ықпал ету мақсатын көздеген байқау мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды даярлық топтары мен сыныптардың ересек жастағы балалары қатысты. Аудан бойынша байқауға 11 балабақша (“Айгөйлек”, “Айшуақ”, “Балауса”, “Балдырған”, “Салтанат”, “Астана”, “Айнұр”, “Гүлсім”, “Теремок” және “Ботақан” шағын орталықтары), 6 орта мектептің (Н.Киікбаев, Сарыкемер мектеп-гимназиялары, Ақшолақ, С.Абланов, №3 мектеп) мектепалды даярлық сыныптарының балалары қатысып, өз шеберліктерін паш етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І дәрежелі Дипломмен «Балдырған» балабақшасы, «Балауса» бөбекжай бақшасы, Бурыл орта мектебінің жанынан ашылған «Ботақан» шағын орталығы марапатталды. ІІ дәрежелі Дипломға «Астана» бөбекжай-бақшасы, «Салтанат» балабақшасы ие болса, ІІІ дәрежелі диплом «Айгөйлек», «Айнұр» бөбекжай-бақшасына бұйырды. Түрлі аталымдар бойынша «Гүлсім», «Теремок», «Айшуақ» балабақшаларының тәрбиеленушілері марапатталды.
Жүлделі І орын алған балабақшалар облыстық байқаудан «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Алмасқызы Сезім ІІІ дәрежелі Дипломмен, «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Байболат Нұрсезім «Позитивті көзқарас» номинациясы, Бурыл орта мектебінің  жанынан ашылған «Ботақан» шағын орталығының тәрбиеленушісі Серик Амир «Көркемдік мәнерлілік» номинациясымен марапатталды.

Мұхтар Манекеев.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1825
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5966
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31533
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202263

Серіктестер