Онлайн газет



“БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАҒАН КЕМЕЛ ЕҢБЕК”

атты тақырыпта аудандық оқушылар конференциясы болып өтті.
Алқалы жиынға М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің “Дулатитану” ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Г.Иманбекова,  “Нұр Отан” партиясының  Байзақ аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Ә.Мырзабеков, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері  Ж.Тұрғымбаев, Жуалы, Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарының «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының жетекшілері қатысты.
Тұңғыш Президенттің саяси қызметін зерттеу маңыздылығы және президент институты бекітіліп, әрекет еткен жылдары орын алған негізгі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалардың мәнін түсіндіруге бағытталған алқалы жиынды “Қазақстан жолы” тәрбие-білім беру орталығының жетекшісі Қ.Көпбаева ашып, Тұңғыш Президент  күнінің ел өміріндегі маңызы мен Елбасының  тәуелсіз Қазақстан Республикасын әлемге танытудағы қажырлы  еңбегі, егемен еліміздің  алған асулары мен  болашақта атқарылатын  басым міндеттер туралы айта келіп, мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтады. Бұдан  кейін Т. Ақбозов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ж. Рахымбаева «Тарих – өткеннің сабағы, алдыңғының кейінгіге өнегесі»,  С.Абланов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ж.Бисенов “Назарбаевтың балалық шағы жаңа Қазақстанның  қалыптасуы”,  Бурыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ә.Егізқараева  “Ұлттар достастығы – мемлекет дамуының негізгі кепілі”,  Н. Киікбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы  Ф. Елеместегі “Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы”, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы А.Өсербай “Мемлекетаралық ынтымақтастықты  қалыптастыру қажеттілігі”,  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Т. Нуридинова “Ел болашағы –бүгінгі жастар”, Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы  А.Өмірзақова  “Жастар – біздің  болашағымыз”, Түймекент орта мектебінің 11-сынып оқушысы Е.Үйсінбаева “Н.Ә.Назарбаев- Ұлт Көшбасшысы” тақырыптарында  баяндамалары тыңдалып,  туындаған сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің “Дулатитану” ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Г. Иманбекова  сөз сөйлеп,   шығармашылықпен айналысып жүрген  мектеп оқушыларының еңбектеріне жоғары  баға беріп,   табыстар тіледі.
Елбасының салиқалы өмірі мен толайым еңбегіне арналған шарада Кеңес орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ш. Кеңесбек,   Н.Киікбаев атындағы орта мектептің оқушылары  А.Егембай  мен  Н.Жақсылықов  еліміздің Тұңғыш Президентіне арнаған жырларын оқыды.
Тағылымы мол шара шеңберінде өткерілген  сурет байқауы, шешендік өнер және конференцияға ұсынылған үздік баяндамалар мен шығармалар, сурет туындыларының жеңімпаздары шығарылды.
Топ жарған жүлдегерлерді арнайы Дипломдармен аталмыш орталықтың жетекшісі Қ. Көпбаева  мен  аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің  әдіскері  Л. Бабашева марапаттады.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін212
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6229
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31796
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202526

Серіктестер