Онлайн газет



САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ӨМІР ТАЛАБЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орайластырып, “Салауатты өмір салты - өмір талабы” атауымен 5-8-сынып оқушылары арасында асық атудан аудандық турнир өтті.
Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы асық ату үйірмесінің жетекшілері Аманай Кеңесбаев, Бақытжан Серікбаев және Берік Оразбековтің ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты - ұлттық  спорт түрлерін дамыту, саламатты өмір салтын оқушылар арасында насихаттау.
Айтулы турнирге аудан аумағындағы барлық білім ошақтарынан жасақталған 8 команда қатысып, ептілік, жылдамдық, мергендіктерін сынасты. Асық ату сайысында бірінші орынды Ақшолақ орта мектебі жеңіп алды. 2 орынды Кеңес орта мектебі, 3 орынды Жаңатұрмыс орта  мектебі иеленді.
Жеңімпаз командаларды Жамбыл облысының ұлттық ойын-Асық ату федерациясының президенті Мұхтар Түктеев және Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы асық ату үйірмесінің жетекшісі Берік Оразбеков құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген арнайы кубок, медальдармен марапаттады.
Жамбыл облысының ұлттық ойын-асық ату федерациясының президенті Мұхтар Түктеев айтуынша, асық ойындарын балалар, жастар арасында дамыту маңыздырақ екен. «Бұл ойын алғырлық, ептілік, шапшаңдық, мергендік, тез шешім қабылдау, ақыл тоқтатып, айла-әдіс шыңдауда таптырмайтын ойын. Ұлттық ойындарымыз береке-бірлікке шақырып, ынтымағымызды нығайтады. Сол үшін асық, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарды дамытуға үлесімізді қосу міндетіміз», — дейді ол.

Аманай Кеңесбаев,
Бақытжан Серікбаев,
үйірме жетекшілері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1358
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7375
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32942
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203672

Серіктестер