Онлайн газет



ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтың төрағалығымен жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Нұржан Дулатбаев ағымдағы жылдың төрт айында атқарылған жұмыстардан ақпарат берді.
-Жазасын өтеушілердің арасында мәдени-спорттық іс-шаралар, психологиялық кеңестер, мамандармен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Бүгінде сотталғандардың кәсіппен айналысуына да барынша мүмкіндік жасалған.
Пробация қызметі есебінде 188 тұлға тұр. Биылғы жылдың төрт айында 35 тұлғаға  әлеуметтіқ-құқықтық және басқа да көмектер көрсетілді. Жыл басынан  бері 8 тұлға ауылдық округтердегі  абаттандыру жұмыстарына тартылды. Сонымен қатар, аталған тұлғаларды  кәсіпкерлікке тарту мақсатында аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, «Азиялық несие қоры» және «Атамекен» қоры қызметкерлерінің қатысуымен  кездесулер ұйымдастырылды. Олардың арасында спорттық іс-шаралар да жүйелі  өткізіліп тұрады,-дей келе баяндамашы алдағы уақытта қолға алынатын іс-жоспарларын ортаға салды.
Бұдан соң аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұржан Тлеповтың хабарламасы тыңдалды.
Кеңес отырысының соңында барлық мүдделі органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.05.2021 11:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін274
mod_vvisit_counterКеше1047
mod_vvisit_counterОсы аптада3613
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда11254
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262923

Серіктестер