Онлайн газет



ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Жыл өткен сайын майдангерлер қатары сиреп барады. Ауданымызда осыдан үш жыл бұрын 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстың 7 ардагері бар еді. Биылғы Ұлы Жеңістің 76 жылдығын 2 майдангер, атап айтқанда,  суханбайлық  Өнербай Молдабаев, жетібайлық Рахымжан Мамыралиев қарсы алып отыр.
Қан майданның куәсі болған ардагерлердің алды 97 жаста болса, кішісі 95 жаста.
Жетібай ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері  Рахымжан Мамыралиев – ел басына күн туған шақта еліне қорған болған ерлердің бірі.
1925 жылы Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында дүниеге келген Рахымжан  атамыз еңбек жолын жұмысшыдан бастаған. “Ер-елдің қорғаны” дегендей, 1943 жылы майданға аттанып, Приморск өлкесі мен Ворошилов қаласын жаудан азат етуге, кейіннен жапон соғысына қатысып, Манчжурияда, 1951 жылы Корея Республикасының Сеул қаласында болып, елге 1951 жылы оралған.
Соғыстан кейінгі 1953 – 1962 жылдары Талас ауданы, Ақкөл колхозында есеп бөлімінің басшысы, одан соң Жамбыл ауданына қарасты “Бірлесу еңбек” колхозында есепші, Аса ауылында, кейіннен Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданындағы Фрунзе колхозында май зауытының бастығы болып қызмет еткен. 1985 жылы зейнетке шыққан ардагер бүгінде ұл-қызынан тараған немере-шөберелерінің қызығын көруде.
- Биыл Ұлы Отан соғысының Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 76 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, 1418 күн мен түн бойы созылған сұрапыл соғысқа қатысқандардың барлығы - нағыз батырлар. Олар кескілескен шайқастарда ерлік көрсетті, елін, жерін жаудан қорғады. Біз қиыншылықты көп көрдік, ашаршылық, соғыс, соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ауыртпалықты көре жүріп, шынықтық. Содан да болар бейбіт күннің әрбір атқан таңына шүкіршілік етеміз. Жастарға айтарым және олардан тілейтінім, бір-бірін  сыйласа, бір-біріне мейірімді болса, тек жақсылық ойласа екен,- деді ардагер.
Оның кеудесіндегі «Еңбек Қызыл Ту», ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен «Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60 жылдығы», «Қарулы Күштерге 70 жыл», «Еңбек ардагері» медальдары жорық жолдарындағы ерлігінен хабар бергендей.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 11.05.2021 09:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін386
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6403
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31970
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202700

Серіктестер