Онлайн газет



АҚШОЛАҚТЫҚТАР ҚУАНЫШЫ

Байзақ ауданы – жұртшылыққа жасампаз істерімен танымал өңір екені аян. Ешқашан бәсең тартпайтын сол үрдісті аудан басшылығы мен Ақшолақ ауылының тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында тағы бір мәрте паш етті.

Нақтылай түссек, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Ақшолақ елді мекенінде «Тәуелсіздікке 30 жыл» саябағы салтанатты жағдайда ашылды.
Шырайлы шараға қатысушылар қатарында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев пен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил да болды. Салтанатты рәсімде жалпы қауымға жүрекжарды лебізін арнаған Бақыт Алпысбайұлы мерекеге орай ел игілігіне тапсырылғалы тұрған ажарлы саябақтың ашылуымен құттықтап, оның қолданысқа берілуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.
– Біріншіден, осы саябақта ауыл жастарының ұйымдастыруымен басталған ізгі әрекет соны ауыл әкіміне және демеушілік жасаған аудан әкімі аппаратына көп алғысымды айтқым келеді. Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан саябақтың ашылуымен және келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Алдағы уақытта осындай саябақтардың аудан көлемінде көптеп ашыла беруіне тілектеспін. Үлкен істі бастаған жастар мен оларға бағыт – бағдар беріп отырған қарияларға ризашылығым шексіз, - деді Бақыт Алпысбайұлы.

Әубәкір Папиев, еңбек ардагері, Ақшолақ ауылының ақсақалы:
– Өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгін Ақшолақ ауылында қуанышты сәт орын алуда. Осы игі іске қолдау көрсеткен аудан мен ауылдық округ әкімшілігіне, саябақ құрылысына белсенді қатысқан ауылдың жастарына елді мекен тұрғындары атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қайрат Махиев, ауыл тұрғыны, «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ы аға электр механигі:
– Бүгін, аудан әкімдігінің қолдауымен ауыл жастарының ауызбіршілігі арқасында бой көтерген жаңа саябақ ел игілігіне ұсынылып отыр. Бұл жерде, әсіресе, ауыл жастары өте белсенді атсалысты. Өздері қор құрып, саябақ ішіне ағаш көшеттерін отырғызып, алаңшалар жасады. Оған аудан әкімдігі қолдау көрсетіп, брусчаткалар төсеуге ықпал етті. Бұл ауыл әкімшілігі мен жастар арасындағы байланыс Тәуелсіздіктің 30 жылдығына деген сый деп түсінеміз.

Салтанатты шара барысында саябақтың ашылуына сүбелі үлестерін қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Грамотасы және ауылдық округ әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Жаңа нысанның лентасын аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен ауыл ақсақалы Қалман Бақтыбаев қиды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашқан соң, шара қатысушылары саябақтың ішін аралады.
Айта кетейік, жалпы аумағы 0,30 гектарды құрайтын саябақта шағын футбол және баскетбол алаңшасы, стритворкаут, фонтан, балаларға арналған ойын алаңшасы орналасқан. Ауыл азаматтары құрған қорға жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам қаржы жинақталып, саябақ құрылысының қажетіне жаратылған.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 11.05.2021 09:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1635
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5776
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31343
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202073

Серіктестер