Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Апта басында ауданымызға жаңа тағайындалған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов алдымен орынбасарлары және аппарат қызметкерлерімен, кейіннен бөлім, мекеме басшыларымен танысты.
Ал, арада екі күн өткен соң аудан басшысының алғашқы іссапары аудан орталығы саналатын Сарыкемер ауылдық округінен бастау алды. Іссапар барысында аудан басшысы ауылдық округке қарасты әлеуметтік нысандарды аралап, олардың бүгінгі тыныс - тіршілігімен танысты.
Аудан әкімі алдымен әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне барды. Онда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов қысқаша түсінік берді. Бұдан соң аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар кітапханасы, библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі, оқу залы, кітап қоры, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысымен танысып, “Қайғылы ана” ескерткіші, “Батырлар аллеясын” аралады.
Аудандық мәдениет үйіндегі сахна перделерін ауыстыру, орталық кітапхананы жеке ғимаратқа көшіру, мәдениет үйінің маңындағы трансформаторды қоршау сынды мәселелерге қатысты пікір алмасқан аудан әкімі “Қайғылы ана” ескерткіші мен “Батырлар аллеясын” тез арада сырлау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Өткен жылы күрделі жөндеуден өткізілген Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратында іссапарын жалғастырған Бақыт Алпысбайұлы мұндағы ашық әкімдік жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар, санитарлық талаптар бойынша жүргізіліп жатқан дезинфекциялау жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялау және «Тараз-Сарыкемер» бағытында қатынайтын жолаушылар көлігін залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды қамтамасыз етуді міндеттеді. Аудан басшысы ауыл әкіміне орталықтағы Байзақ батыр көшесін ретке келтіру мен Д.Қонаев көшесі бойындағы шағал тастардың үйінділерін жинап, орнына оптималка тас төсеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Ал, аудандық қоғамдық келісім орталығында аудан әкімі этномәдени бірлестіктер мен татуластыру кабинеттерінде теледидар жоқтығына көңіл аударып, аталмыш мәселені демеушілер арқылы шешілетінін жеткізді. Осында орналасқан аудандық Қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесі, АХАТ бөлімі қызметтерін көрген аудан әкімі ғимарат сыртына беседка алып беру туралы ардагерлер ұсынысын қолдады.
Іссапар барысында аудан басшысы «Балдырған» бөбекжай-бақшасын, Ақәділ Суханбаев атындағы балалар саябағын, Жастар ресурстық орталығын, №1 мектеп-гимназиясын, аудандық музей, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалын, «Байзақ – адалдық алаңы» жобалық кеңсесін, «Сервистік әкімдікті», мұндағы бірқатар бөлімдердің жұмыстарымен кеңінен танысып, кейбір мәселелерге байланысты тапсырмалар берді. Аудан тарихынан сыр шертетін музейде болған сәтінде Бақыт Алпысбайұлы «Байзақ ауданының Құрметті азаматтары» тізімін сандық технология негізінде заманауи түрде электронды форматқа енгізу және жапсарлас ғимарат салу бойынша толықтыру мен есептеулерді нақты жасап, ұсыныс беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.
Бұл күнгі жұмыс сапары кезінде аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат хатшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сәуле Тлеуқұлова жүрді.
Аудан әкімінің кезекті іссапары Бурыл ауылдық округі мен Көктал ауылында келесі күні жалғасқанын айта кетейік.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 04.05.2021 10:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін374
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1445
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6923
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416453

Серіктестер