Онлайн газет



ХХХI ЕСЕП БЕРУ - САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп, гүлденуіне өзінің қомақты үлесін қосып келеді.

Апта ортасында әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының XXХI есеп беру - сайлау конференциясы болып өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Фарида Жүнісова, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросының, Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, партияның облыстық және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төраға - төрайымдары, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттік органдар және кәсіпорындар басшылары, «Jas Otan» жастар қанаты, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция алдында делегаттар өкілдерінің арнайы кеңесі өткізіліп, онда конференция жұмысшы органдарының жеке құрамы талқыланған болатын. Онда жұмысшы органдарының жеке құрамы қаралып, ортақ келісім жасалды. Конференция жұмысы мемлекеттік Гимнмен ашылған соң, оны жүргізу төралқа мүшелеріне жүктеліп, жұмысшы органдар сайланды. Күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы» алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова баяндама жасады. Баяндамашы қалыптасу және тарихи өрлеу жылдарын арта тастаған «Nur Otan» партиясы стратегиялық маңызы зор мемлекеттік реформалар мен әлеуметтік-экономикалық мәртебесі биік бағдарламаларды табысты іске асыруға айрықша үлес қосқанын атап өтіп, есепті кезеңде филиал тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстарды слайд арқылы байланыстыра баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясы да уақыт талабына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді іске асыруды өз міндетіне алғанын, партияның кеңейтілген отырысында Партия Төрағасы «Nur Otan» партиясы қызметін жаңғырту мен жандандыру және белсенділігін арттыру мақсатында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынғанын айтты. Ел дамуы мен мемлекетіміздің өркендеуіне және тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мен қолдауға бағытталған жеті бағыттың талаптарын атай отырып, осы бағытта аудандық партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға назар аударды.
«Партиялық жаңару процесі жүріп жатқан осындай шақта, біз партияның Сайлауалды бағдарламасы мен саяси Доктринасы, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасы талаптарын міндетті түрде басшылыққа алуымыз және осы талаптарды орындауға барынша ықпал етуіміз қажет», - деген Шолпан Қайратқызы «Nur Otan» партиясы мүшелері мен белсенділерін, партия ардагерлері мен аудан жастарын  партия саясаты маңына топтасуға және партиялық жаңғыру жұмыстарына кең қолдау көрсетуге атсалысуға шақырды.
Мандат комиссиясының хабарламасы бірауыздан бекітілген соң күн тәртібіндегі негізгі мәселені талқылау үшін делегаттар, «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Алтынбек Жамишжанов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзағали Мадимаров, «Бурыл» бастауыш партия ұйымының төрайымы Құралай Үкібаева, «Nur Otan»  партиясы аудандық  филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы Әсет Құрманалиев жарыссөзге шықты. Бірінші мәселеге байланысты атқарылған жұмыстарға «қанағаттанарлық» баға берілген соң, қаулы алдымен негізге алынып, соңынан толықтай қабылданды.
Конференцияда күн тәртібіне шығарылған ұйымдастыру мәселелері аясында тізім бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің сандық құрамы 19 адамнан бекітіліп, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ХХVІІІ конференциясына өкілдік нормасына сәйкес, ауданнан 6 делегат тізімге сай дауыс беру арқылы сайланды.
Конференция соңында сөз алған облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Фарида Жүнісова екі жылда бір рет ұйымдастырылатын есеп беру – сайлау жиналыстары облыстағы 266 бастауыш партия ұйымдарында өткенін жеткізді.
- Конференциядағы тағы бір мақсат – алдағы уақыттағы жоспарларды пысықтау, міндеттерді айқындау. Соңғы екі жылда жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыста партия қатары 5103 адаммен толығып, 54339-ды  құрап  отыр. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы белсенділері мен бастауыш партия ұйымдарын аудандағы  барлық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-танымдық шараларды табысты іске асырудың  алдыңғы шебінде болуға шақырамын, - деп Фарида Амансарықызы сөзін қорытындылады. Конференция жұмысы Партия Әнұранымен аяқталды.

*    *    *
Осыдан кейін аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өткізіліп, оның күн тәртібінде бір мәселе қаралды.
Күн тәртібі бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшелері сандық құрамы 9 адамнан тізімге сәйкес бекітілді. Саяси кеңес мүшелері ашық дауысқа салу арқылы бірауыздан Бюро мүшелерін сайлады.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.

Обновлено 04.05.2021 10:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін414
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1485
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6963
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416493

Серіктестер