Онлайн газет



ЖАНЫ МЕН ЖҮРЕГІ – ҚАЗАҚ

– Біз ортақ Отанымыз Қазақстанда туып өстік, ұрпағымыз да осы елде ер жетеді. Мемлекеттік тілдің мерейін асыратын да өзіміз. Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын барлық халықтың тілі, - деп бастады әңгімесін Гульсун Алиқызы.
Әкем Али Османович, анам Асия Аслановна Зулуфовтар қазақ жеріне 1953 жылы көшіп келді. Шымкент облысы, Сайрам ауданында дүние есігін аштым. 1970 жылы Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданына қарасты Қостөбе (бұрынғы Головановка) ауылындағы Н.Крупская мектебінің бірінші сыныбына бардым. Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтын бітірдім. Еңбек жолымды 1980 жылы «Гүлсім» балалар бақшасында тәрбиеші болып бастадым. 1990 жылдан  бүгінгі күнге дейін бақша меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Қазақ отбасыларының арасында өскендіктен, мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін.
Ұлтым түрік болғаныммен, жаным да, жүрегім де – қазақ. Жолдасым қазақ, Серікжан Ешеев – жігіттің төресі,  тұңғыш ұлымның зайыбы қырғыз ұлтының өкілі. Қос ұлым қазақ, орыс, түрік тілдерін меңгерген, - деп сөзін бір қайырды.
«Гүлсім» балалар бақшасы 1938 жылы пайдалануға берілген екен. Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Гульсун Алиқызы жетекшілік ететін бақшада қазір 2 топ жұмыс жасайды. Ондағы 55 бүлдіршінге 8 білікті педагог тәлім тәрбие беруде.
Қазақ тілінде жетік сөйлейтін Гульсун Ешеева (суретте) – аудандық мәслихаттың депутаты. Туған ауылының тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын жақсы білетін ол Абайдың шығармаларын көп оқиды. Өз халқының мәдениетімен қатар қазақ халқының барлық әдет-ғұрпын санасына сіңірген түрік аруы өзінің қазақ жерінде туып-өскенін мақтан тұтады.
– Қазақ – бауырмал, қонақжай халық. Қиын кезеңдерде  қазақтар түрлі этнос өкілдерін бауырына басып, бір үзім нанымен бөлісті. Бүгінде  қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері  бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіріп, ел игілігіне қызмет етуде. Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – халықтар бірлігі мен достығы. Бірлік пен татулық-тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі. Сондықтан берекелі іске ұйыстырған бірлік пен ырысқа бастаған ынтымақты сақтай отырып, ел тәуелсіздігін баянды ету - міндетіміз. Қазақстандағы түріктердің жас буыны өздерінің, ата-бабаларының, сонымен қатар, олардың ұрпақтары мекен ететін жер – Қазақстанды Отаны санайды. Данышпан Абай: “Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос”, - дейді. Бір шаңырақ астында  жарасымды тіршілік етіп жатқан барша отандастарыма айтарым, бір-бірімізді құрметтеп, қадірлей отырып, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға үлесімізді қосайық. Бірлік мерекесі  елімізге құт-береке әкелсін, - деп сөзін түйіндеді кейіпкеріміз.
2005 жылы Астана қаласында өткен алқалы жиында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан Грамота алғанын мақтаныш ететін Гульсун Алиқызы еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанын қазақ халқының бауырмалдығының арқасында деп біледі.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 04.05.2021 10:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін345
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1416
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6894
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416424

Серіктестер