Онлайн газет



БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімдерімен, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
Аудан активінің отырысында аймақ басшысы бұған дейін Байзақ ауданын басқарып келген Нұржан Нұржігітовке атқарған қызметі үшін алғысын білдірді. Ал Бақыт Қазанбасовқа ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.
– Бақыт Қазанбасов – тәжірибелі басшы. Сіздер оны қолдап, аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс жасайтындарыңызға мен сенемін,- деді Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов ауданның дамуы жолында аянбағанын жеткізіп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.  Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев,  ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Ермеков  Нұржан Молдиярұлының өңірдің өсіп-өркендеуіне сіңірген ерен еңбегін атап өтіп,  аудан халқы атынан алғыстарын білдірді.
Ал, Бақыт Қазанбасов бұл тағайындаудың өзіне үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып, қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына рахметін білдіріп, белсенділерді бірге жұмыс істеуге шақырды. Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары.
1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-технолог», 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы №2 Жамбыл астық өнімдері комбинатында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары №2 Жамбыл астық өнімдері комбинатында аға шебер, бөлімше меңгерушісі, «Ақ бидай» ААҚ меңгерушісі, директоры, «Зар-Замин» ЖШС қосалқы шаруашылық меңгерушісі, Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2019 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 28.04.2021 10:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін373
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1444
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6922
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416452

Серіктестер