Онлайн газет



МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Бүгінде әрқашан халықтың жанынан табылатын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы тарапынан көптеген жұмыстар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша алдымен аудандық партия филиалына жүгінетіні жасырын емес.
Филиал арқылы өтінішпен келген тұрғындардың мәселесі оң шешімін тауып жатады. Мысалға, жуырда партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова мен аудандық мәслихаттың депутаттары Гүлнар Давлетбаева мен Марина Байжарикова қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдаған болатын.
Онда Түймекент ауылдық округі, Ақжар ауылының тұрғындары  Лес Тайшубекова мүгедектігіне байланысты және Айнұр Нуртаева тұрмыс жағдайына байланысты көмек көрсету туралы өтініштерімен келген-ді. Өтініш назардан тыс қалмай, қолдау тапты. Яғни, халық қалаулылары демеушілік көрсетіп, азық-түлік  пакеттерін жеткізіп берді. Өтініш иелері партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетіліп отырған көмектерге ризашылықтарын білдірді.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихаттың депутаты Мырзағали Мадимаров қабылдау өткізді. Сарыкемер ауылының тұрғыны Бақытжан Жетенов баласының денсаулығына байланысты облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызуға көмек көрсетсе деген үмітін арқалай келіпті. Мырзағали Қойбағарұлы аудандық емханаға арнайы зерделеу жүргізді.
Нәтижесінде, өтініш иесінің мәселесі оң шешімін тауып, Бақытжан Жетеновтың баласы денсаулығына байланысты облыстық көпбейінді балалар ауруханасына  жатқызылды.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
«Nur Otan»  партиясы аудандық филиалының консультанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1312
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7329
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32896
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203626

Серіктестер