Онлайн газет



АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ- ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Поэзияда, музыкада, даналықта, қоғамдық-азаматтық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай – қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеймін деген ұрпаққа таңғажайып тұлға.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өмірінде айнымас темірқазық болып қызмет етіп келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өтуде.
Халқымыздың біртуар перзенті, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында С.Абланов атындағы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абай оқулары» байқауы өткізілді.
Байқау 4 аталым бойынша өтті. Бірінші аталым - Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Жанар Құралбай 1 - орын, Нұрғиса Әден 2 - орын иегері атанды.
Екінші аталым - Абай әндерін жатқа айту. Мұнда Жанерке Тасболат 1 - орынды иеленді.
Үшінші аталым - Абайға арнау. Абайға арнау жазған Ақерке Жүсіпқызы 1 - орынды жеңіп алды.
Төртінші номинация – Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту. Бұл номинация бойынша Нұрасыл Кеулімжай, Айбек Телмахамат, Баянсұлу Сарсенбай жүлделі орыннан көрініп, марапатталды. Жалпы өнер сайысына 5 – 10 сынып оқушылары белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты челленджі ұйымдастырылып, жалғастыру эстафетасы №4 мектеп-лицейіне жолданды. Оған мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері (Қ.Бегжонов, М.Шартықбаева, Р.Тулендиева, Ұ.Назарқұлова, Ж.Сағындықова, А.Оңласынова, А.Джуматаева, Е.Ерсеитова, А.Нұрқадырова, Г.Жақсымұратқызы) қатысып, білім ошағының мәртебесін биіктете білді. Бұдан бөлек,”Әлемге танылған – Абай”  тақырыбында 5 – 11-сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өтті.
Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып, ұрпақтар санасына орын ала беретін болады.

Анара Оңласынова,
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін347
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1418
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6896
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416426

Серіктестер