Онлайн газет



МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ҚОҒАМ ҮШІН ЖАУАПТЫ ІС

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Асқар Жұмаділдаев.

Дамыған мемлекеттердің экономикалық даму стратегиясына алғашқы орында ғылым мен білімді қойып, сол бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Өйткені білімді дамыту стратегиялық басымдықтардың ішіндегі ұзақ және күрделі процесс болып табылады. Оның ұзақ және күрделі болу себебі, оның нәтижесі бірден көріне қоймайды, жылдар бойы берілген білім мен тәрбиенің адам бойына біртіндеп беріліп, оның кәсіби маман болып қалыптасуына дейін әсер етеді. Кәсіби маман болып қалыптасуына мектепте берілетін білім мен тәрбие процесімен қатар оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі және үздіксіз берілуі қажет. Бұл туралы 2019 жылы Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған... Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет», - дей келе, оның негізгі себептері қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы көрсеткіштерінің алшақтығы, ауылдық жердегі білікті кадрлардың жетіспеушілігін және оны шешудің тиімді жолдарын ашып көрсетті.
Қазіргі таңда білім саласында жаңартылған білім беру мазмұнының толықтай өзгеруі, 2025 жылға дейін 12 жылдық білім беру бағдарламасына толық көшу, латын графикасына біртіндеп көшу және басқа да маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында 9 міндет қойылған, соның 7-ші пункті негізгі сатыда бағдаралды даярлықты енгізу. Осы тұжырымдамада «Екінші сатының негізгі ерекшелігі психо-педагогикалық диагностикалау және кәсіби бағдар беру негізінде бағдаралды даярлық енгізу болып табылады.
Бағдаралды даярлық енгізу арқылы оқушылар 12 жылдық мектептің 3-ші сатысында білім алуға бағдарлы, саналы түрде мамандық таңдауға қадам басады. Бұл орасан зор жұмыс кәсіби бағдар беру, пәндік, пәнаралық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар арқылы және мектептің ішкі ресурстары, сонымен қатар, басқа білім беру ұйымдары ресурстары арқылы жүзеге асады» деп көрсетілген. Сондықтан негізгі мектепті бітірер жылы жүйелі әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың бағдаралды даярлығы дегеніміз – жоғары сатыда 9-сынып оқушыларына шамамен білімді жалғастыру бағытын анықтауға көмектесуге арналған оқу бағдарламалары мен шараларының кешенді жоспары.
Мектептің басты міндеті – еліміздің болашақ бәсекеге қабілетті, терең білімді, жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, рухани және кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті шешу жоғары сынып оқушыларының қандай білім алатынына және кәсіби бағдар беру жұмысының дұрыс жүргізілуіне де байланысты. Негізгі орта буында (5-9-сынып) оқушыларға мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, кәсіби өзін-өзі анықтау жұмыстары жүйелі жүргізіліп, алғашқы кәсіби таңдауларын жасау керек. Себебі 9-сыныптан соң колледждерге оқуға түсіп, мамандық бойынша білім алса, 10-сынып оқушылары бейінді бағдарлы оқу мақсатымен бөлінеді. Бірақ бүгінгі таңда оқу бағдарын таңдау технологиясы өз деңгейімен жұмыс істеп тұрған жоқ. Көбіне оқушылар ішкі сезімдеріне сүйеніп таңдау жасаса, бір бөлігі мұғалімдер мен ата-аналардың ықпалымен таңдау жасайды.
Мектеп оқушыларына жүйелі кәсіби бағдар беру жұмыс бағыттары маңызды, әрі толыққанды жүзеге асырылуы тиіс:
- мамандық түрлері бойынша ақпараттар беру;
- оқушыларға өзін-өзі анықтау жұмыстары жүргізілуі керек;
- оқушы тұлғасының толық қалыптасуына оң әсер ету, оның ішінде іскерлік, өздік таным мен өздік өзгеру қабілеті, тәуелсіздік, өзіне сенімділік, таңдау жасай білу және оған жауапкершілік, мақсатты бағытталу, өздік сын, құзырлылық, сын тұрғысынан ойлау алу, жауапкершілік, ерік-жігер қасиеттер;
- оқушыға өз темпераменті, қызығушылығы, қабілеті, икемділігі, ойлау типі, қажеттілігі, құнды бағыты туралы өздік танымға жағдай жасау;
- оқушылардың болашақ мамандық таңдауда өзіндік жауапкершілікті қалыптастыру және белсендіру;
- әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік теңдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- мамандық таңдау себебі мен мотивін айқындау, өз арман-мақсатын жүзеге асыру, қоғамға және отбасына пайдасын тигізу, жеткілікті өмір сүру үшін тұрақты табыс табу, т.б.
Жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұрмай басқа салаларға ауысып отырғанын да жиі кездестіреміз. Олардың көбі өз мамандықтарының ұнамайтынын, кездейсоқ таңдағандары туралы айтады. Жастардың болашақ мамандықты таңдауда жіберетін қателіктерге, зерттеушілерге мыналар жатады:
- кәсіптер әлемімен, олардың ерекшеліктерімен таныс емес (еңбек жағдайлары, кәсіпқой тұлғасына қойылатын талаптар және т.б.);
- беделді мамандықты табыс көзі ретінде қарастыру;
- мамандық пен пән арасында тең белгі қояды; 
- адамға, белгілі бір кәсіптің өкіліне, кәсіпке деген көзқарасын өзгерту;
- достарымен және құрдастарымен серіктестікке мамандық таңдау;
- мамандық таңдауды білім деңгейін, оны алу орнын таңдаумен алмастыруға;
- өз қабілеттері мен мүдделерін ескермей, ҰБТ нәтижелеріне назар аудару;
- аймақтық еңбек нарығында сұранысқа ие емес, бірақ «беделді» кәсіптердің ішінен мамандық таңдау;
- олар өздерінің білімдік, кәсіптік және өмірлік траекторияларын болжауды және құруды, олардың бейімділігі, қабілеттері мен еңбек нарығының сұраныстарының негізінде еркін ақысыз таңдау жасауды білмейді.
Осылайша, бастауыш және орта мектеп түлектерінің елдің (аймақтың) даму тенденцияларын және қазіргі еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, болашақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда тәуелсіз және жауапты таңдау жасауға дайындығын қалыптастыру үшін кәсіби өзін-өзі анықтау процесін психологиялық-педагогикалық қолдау қажеттілігі туындайды.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни, тек ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.
Сонымен қатар, мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмысына жылдық жоспары құрылып, сол жоспардың негізінде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оқушыларды психологиялық типтерге бөліп, мінез-құлықтарына сипаттама беруге арналған психологиялық тесттерді практик психологтар кеңінен қолдануда. Солардың бірі, Климовтың ДДО, Голландтың тесті жоғары сынып оқушыларына қолдануда. ДДО тесті төрт түрлі мамандықтарға тән ерекшеліктерге бағытталған сұрақтардан тұратын сауалнама болса, сонымен бірге, жауап бойынша тұлғаның қай топтамаға жататындығын анықтауға мүмкінішілік береді. Мысалы, «адам-адам», «адам-табиғат», «таныс жүйе», «адам-техника», «көркемдік бейне» деген бағыттар қамтылған. Бұл екі тестті мектеп психолог мамандардың көмегімен жүргізілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу барысында түрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастырылды, мамандық әлемі туралы байқаулар, әр сынып жетекшілері мамандыққа байланысты тәрбие сағаттарын жүйелі түрде өткізуде. “Мамандықтың бәрі жақсы” атты семинар-тренинг, “Мың мамандық тағы бар, таңдап, талғап бірін ал” тәрбие сағаты “Кешегі шәкірт - бүгінгі ұстаз” атты дөңгелек үстел, “Мамандығым - мақтанышым” тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.
Мектеп кәсіби бағдар беру жұмысында барлық өнеркәсіптер, орта кәсіптік- техникалық лицейлер, колледждер мен ЖОО-ры  мен жастарға кәсіптік бағдар беретін орталықтардың жан-жақты көмегіне сүйене алады. Алайда, мектеп оқушыларын нақты мамандықтарға бағдарлауда (мысалы, инженер, дәрігер, мұғалім) қазіргі таңда олардан нақтылы көмек болып отырған жоқ. Жоғары оқу орындары мен колледждер тек өз оқу орындары туралы мәлімет берумен шектеліп отыр. Бұлардың бәрі оқушы үшін аздық етеді, бірлесе отырып жоспар құрып, бірлескен жұмыстар жүргізу қажет.
Қорыта келгенде, мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарында оқушыға шығармашылық, әлеуметтік, креативтілік, коммуникативтік қызмет саласындағы  құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру маңызды. Бұл оның жан-жақты жұмыс жасауы жалпы жаңа заман үдерісіне сәйкес экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыруды қажет етеді. Ең басты міндет - адамгершілігі мол, адам жанын түсіне алатын, тәрбиелі, білімді, мәдениетті, жауапкершілігі мен өз ой-пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жанетта Байдильдаева,
«Ақшолақ» орта мектебі директорының  кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін354
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1425
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6903
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416433

Серіктестер