Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бейсенбі күні, аудан әкімдігінің мәжілістер залында жетінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы болып өтті. Аудандық мәслихат депутаты Аслан Айтбековтің төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібіне екі мәселе қаралды.

Сессияға ұсынылған күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, "2021 – 2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.
Бұдан кейін күн тәртібіне сәйкес, «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамын бекіту туралы» №63 – 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе шығарылды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселе алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, жұмыс жоспарға сай келесі сессияда қаралатын мәселелер таныстырылды. Аталмыш сессия жұмысына аудан әкімі Нұржан Нұржігітов, оның салалық орынбасарлары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 16.04.2021 19:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1558
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5699
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31266
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201996

Серіктестер