Онлайн газет



ПІКІРСАЙЫС МӘДЕНИЕТІН МЕҢГЕРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

Пікірсайыс - жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден бір құралы. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік», - деп  ұлы шешен, ділмар М.Цицерон айтқандай, жеке пікірді қалыптастырып, жеткізе білудің өзі - үлкен өнер. 
Жалпы, әлемде көп дүниелер ерте заманда пайда болып, әлі күнге дейін өз маңыздылығын  жоғалтпағаны белгілі. Мың жыл бұрын өмір сүрген философтардың айтып кеткені өз мағынасын әлі күнге жоғалтқан емес. Ертеде пайда болып, бүгінге дейін және болашақта қажет болар мәдениет, ол - пікірсайыс. Пікірсайысты әркім әрқалай түсінеді, алайда, ең қысқа түсініктемесі пікірсайыс - сөздер жарысы емес, ойлар майданы, идеялар күресі болып табылады. Пікірсайыста сөйлей алу жеткіліксіз, ұшқыр ой айту, жинаған материалдарға анализ жасап, өзіндік идея қалыптастыру, рационалды көзқараспен қарау, екі жақты ойлай білу, осының барлығы әрбір пікірсайысшының бойында болуы тиіс.
ХХI ғасыр - адамдар мен заман дамыған, діни ағымдар мен бағыттар, субмәдениеттер мен ақпараттық соғыстар, осындай уақытта өмір сүріп жатқан адамда жоғарыда аталып өткен қабілеттер болуы керек. Теріс ағымдар мен кейбір субмәдениеттердің тұңғиығына түсіп кетіп, өзіңе ғана емес отбасына, кейде еліне зиянын тиюі мүмкін. Ал, пікірсайыс осы ситуацияларды ұтымды әрі дұрыс шешім қабылдауға таптырмас көмекші. Демек, пікірсайыс мәдениетін бүгінгі күннің тәрбиешісі мен жол сілтеушісі деп атасақ қате болмайды. Дәл осы бағытты алға жылжыту мақсатында, қазірде мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында пікірсайыс клубтары ашылып, оқушылар мен студенттер пікірсайыс алаңында өзіндік пікірлерін айтып жүр.
№1 мектеп-гимназиясындағы пікірсайыс клубының құрамында бүгінде 15 оқушы бар. Мысалы, 2019 жылы «Жаңа заман, жаңа салт – дәстүрді талап ете ме?», - атты аудандық пікірсайысқа Әмина Есетова қатысып, «Үздік спикер» атанса, Мереке Құттыбаева, Замира Исхакова, Шұғыла Тазабек жүлделі орындарды иеленді. Ағымдағы оқу жылында Әмина Есетова, Мереке Құттыбаева, Замира Исхакова, Шұғыла Тазабек, Құндызай Бейбіт, Алимжан Асқаров 8-11-сынып оқушыларының арасында өткен «Ұшқыр ой алаңы» облыстық дебат турниріне қатысып, өз бақтарын сынады. Барлығы дерлік сауатты ой айту мен өзіндік позицияларын анықтау үстінде. Аудандық, облыстық пікірсайыс турнирлерінде түрлі номинациялар, Алғыс хаттар мен жүлделі орындарға ие болуда. Пікірсайыс оқушыларға өмірде де, оқуда да өзіндік үлкен әсерін беріп, тек алдыға жетелеуде.
Біздің мектеп-гимназия практикалық және тренинг сабақтарын қамтитын «Жас медиатор» факультативтік сабақтарының бағдарламасын жасады. Аталмыш бағдарлама медиаторларды конфликтологиялық құзыреттілігі бар жасөспірімдерді педагогикалық үдерістің жетістігінің қажетті компоненті болып табылатын мектептегі тұлғааралық өзара әрекеттесуді жақсарту үшін оқыту мақсатын көздейді.

Айжан САДЫКОВА,
№1 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін345
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1416
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6894
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416424

Серіктестер