Онлайн газет



КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАКЦИНА БОЙЫНША ГИД

COVID-19-ға ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАКЦИНА ҚАУІПТІ МЕ?

Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

ВАКЦИНАЛАУДЫҢ АЛДЫНДА АНТИДЕНЕЛЕРГЕ ТЕСТ ТАПСЫРУ КЕРЕК ПЕ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес КВИ-ге қарсы вакциналау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес. Аталған инфекциямен ауырған адамдарды КВИ-ге қарсы вакциналау аурудан жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң, антиденелерге скринингсіз денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізу ұсынылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде қандағы антиденелердің «қорғаныш» деңгейін көрсететін бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Яғни клиникалық жағынан айқындалатын ауыру қаупі жоқ. Осыған байланысты, вакциналау алдында антиденелердің деңгейін анықтау арқылы ақпарат алуға болмайды.

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ БІРІНШІ ЕКПЕДЕН КЕЙІН ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

Вакцинаның бірінші дозасынан кейін барлық сақтық шарасын сақтау қажет. Бұл қажетті шаралар, өйткені бір дозаның иммундық жүйеге жеткілікті түрде әсер ететіні дәлелденбеген, екіншіден, толық вакциналаудың өзі де вирусты жұқтырудан және таратудан 100% қорғай алмайды.
Вакциналардың тиімділігі, негізінен, ауыр симптомдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал біз ковидтің симптомсыз болуы мүмкін екендігін білеміз, бұл кезде адам айналасындағыларға ауру жұқтырып, қауіп төндіреді.

COVID-19-ға ҚАРСЫ ЕКПЕДЕН КЕЙІН АУЫРУ МҮМКІН БЕ?

Өкінішке қарай, бірде-бір вакцина қауіпті айтарлықтай азайтса да, ауруды жұқтырмауға 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Дұрыс (барлық ережелерді сақтау арқылы) вакциналау иммундық жүйені вирусқа қарсы тұруға дағдыландыра алады. Сондықтан ауруды жұқтырғанның өзінде ол жеңіл түрде, симптомсыз өтуі мүмкін. Алайда симптомсыз пациенттер инфекцияны тасымалдаушы болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Осы себепті, вакциналаудан кейін де айналадағы екпе алмаған адамдарды қорғау үшін әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуды жалғастыру қажет.

ТҰРАҚТЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН ҚАНШАЛЫҚТЫ УАҚЫТ ҚАЖЕТ?

Вакциналаудан кейін ағзадағы бірінші иммундық жауап бірінші дозаны салғаннан кейін 12-14 күннен бастап қалыптасады, бірақ тұрақты иммунитет 32-45 күннен кейін, ең көп дегенде 56 күннен кейін қалыптасады. Сондықтан осы инкубациялық кезеңде барлық сақтық шараларын сақтаған жөн, яғни бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керек.

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ДЕГЕН НЕ?

Ұжымдық иммунитет – халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакциналау деңгейіне жету. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60%-ын вакциналаумен қамту керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. COVID-19 жұқтырған адамдардың жартысында ауру орташа немесе жеңіл түрде өтетінін, ал кейбір адамдарда ешқандай симптомдардың байқалмайтынын естен шығармаған маңызды, алайда көптеген адам қатты ауырады және ауруханаға жатуға мұқтаж.

ВАКЦИНАЛАУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Кез келген вакциналау, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау ЕРІКТІ түрде жүргізіледі.
Сіз вакциналаудан жазбаша түрде бас тарта аласыз. Бұл үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.
Коронавирусқа қарсы вакциналау ТЕГІН жүргізіледі.

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Вакциналау тұратын жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді.
Дәрігер медициналық қарап-тексеруі – дене қызуын, қан қысымын, сатурация және т.б. өлшеуі тиіс.
Вакциналаудан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз.
Сізге вакциналаудан кейін өзіңізді нашар сезінген жағдайда қай жерге бару керектігі туралы ақпарат көрсетілген парақ берілуі тиіс.
Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакциналаудан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакциналау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тәуліктің ішінде келеді.

ВАКЦИНАЛАУҒА ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?

КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт қажет.
10 минут екпе алудың алдында дәрігердің қарап-тексеруі керек.
15 минут препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек.
30 минут екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакциналау күні, вакцина атауы көрсетілген және дәрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.

COVID-19-ға ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУДЫҢ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ ҚАНДАЙ?

*18 жасқа толмасаңыз;
*жүкті және бала емізетін әйел болсаңыз;
*екпеге дейін 2 аптаның ішінде және вакциналау кезінде ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз;
*вакциналау кезінде дене қызуыңыз 37°С-дан жоғары болса;
*жіті инфекциялық және инфекциялық емес ауру деген диагноз қойылса;
*созылмалы ауруларыңыз және аллергиялық реакция асқынса;
*дәрігердің медициналық тексеруінен өтпесеңіз;
*сізде медициналық қарсы көрсетілімдер болса.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін400
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1471
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6949
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416479

Серіктестер