Онлайн газет



ЖОЛ КАРТАСЫ – ХАЛЫҚҚА БЕРІЛГЕН УӘДЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыты мен мақсаты айқын. Осы орайда облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиында партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық және өңірлік “Жол картасының” орындалу барысы қаралды.


Жиында облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев баяндама жасады. Оның айтуынша, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын республикалық бағдарламада 4 бағыт бойынша 362 іс-шара қарастырылған. Оның 320-ы  жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Ал 121 индикаторлық көрсеткіштен тұратын облыстық, аудандық, Тараз қалалық “Жол картасын” дамытудың негізгі 7 бағыты анықталған.
– “Жол картасы” алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр. Жалпы облысымызда алдағы бес жыл ішінде «Барлығына бірдей мүмкіндіктер»  бағыты бойынша 33,9 мың пәтері бар  тұрғын үй салу көзделген. Апатты және үш ауысымды мектептердің орнына 44 жаңа мектеп салу, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 358 мектепті жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ ауыл мектептерін толықтай жоғары жылдамдықты интернетпен қамту және балаларды қорлаудан, интернет – қудалаудан, жыныстық қылмыстардан және суицидтен қорғау бойынша  шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Ал «Интеллектуалды, дені сау және үнемді ұлт» бағыты бойынша облыста 36 мәдениет нысаны салынып, 32 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, 74-ін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. 2024 жылға қарай Тараз қаласында 450 төсектік көпбейінді аурухана  пайдалануға беріледі. «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» бағыты аясында агроөнеркәсіптік кешенде 45 инвестициялық жоба іске асырылып, Шу ауданында көлемі 23,7 мың шаршы метр көтерме-тарату орталығы салынбақ.  «Есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар»  бағытымен жергілікті полиция қызметінің жұмысында «қадамдық қолжетімділік полициясы» қағидатын енгізу үшін 27 модульдік стационарлық полиция бекеті және 25 учаскелік полиция пункті салынады, – деді Талғат Шариұлы.


Сондай-ақ Талғат Шариұлы “Жол картасындағы” жекелеген көрсеткіштерге қол жеткізудегі өзекті мәселелерге баса назар аударды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы 5 жылда өңірімізде 3920 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді пайдалануға беру міндеттелген. Оның ішінде 2021 жылға 650 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биылға жоспарланған көрсеткішті орындау үшін облыста тұрғын үй құрылысының көлемін 2200 шаршы метрге   ұлғайту қажет. Сол секілді ҚР Білім және ғылым министрлігімен бұл кезеңде облыста 44 мектеп салу міндеттелген. Ал облыстық “Жол картасында” бар болғаны 4 жаңа мектеп салу жоспарланған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен облыс  бойынша 33 мәдениет нысанының құрылысы қарастырылған. 
Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасарлары Ұлан Жазылбек, Алмас Мәдиев, Берік Нығмашев сөз алып, өздері жетекшілік ететін саладағы “Жол картасына” енген басымдықтар туралы сөз қозғады. Сондай-ақ олар картамен межеленген кейбір міндеттерді орындауға қосымша қаражат қарастыру мәселесін шешуге облыс әкімінің ықпал етуін сұрады.
Жиында сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев,  Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов және  Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет те сөз алып, жергілікті “Жол карталарын” іске асыру жайына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Машбекұлы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың “Жол картасы” халыққа берілген уәденің   орындалуының кепілі екендігін баса айтып, аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты міндеттер мен тапсырмалар берді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ,
“Aq jol”.

Обновлено 13.04.2021 18:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін415
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1486
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6964
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416494

Серіктестер