Онлайн газет



СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

«Тазалық – табалдырықтан басталады» - демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен байзақтықтар аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласуда.
Аудан әкімдігінің ағымдағы жылы 23 ақпандағы «2021 жылдың 1 наурызынан 1 мамырына дейін қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығын өткізу туралы» №55 қаулысына сәйкес, іс - шара жоспары бекітілген болатын. Осы жылы аудандық бюджеттен елді мекендердің абаттандыру жұмыстары мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 102 млн. 657 мың теңге қаралса, оның ішінде, абаттандыру және көгалдандыруға 94 млн. 74 мың теңге, санитарлық тазалыққа 8 млн. 583 мың теңге бөлінген. Мұнымен қатар, көктемгі тазалықтың екі айлығына 55 млн. 370 мың теңге, оның ішінде, абаттандыру жұмыстарына 51 млн. 10 мың теңге, санитарлық тазалыққа 4 млн. 360 мың теңге қаралған. Жоспарға сәйкес, ауыл, ауылдық округтерде әр аптаның соңында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер уақытылы ұсынылуда.
Бүгінгі күнге, қоғамдық орындарды абаттандыру, сыртқы безендіру және санитарлық тазалықты қалыптастыру мақсатында ауыл және ауылдық округтерде алты мәрте сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан бойынша екі айлыққа жалпы 6 134 адам қатысып, 1 284 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ, 61,9 шақырымды құрайтын арық және каналдар, 168 шақырым көшелер, 7 629 шаршы метр саябақтар мен скверлер тазаланды. 49 жерде қоқыс төгетін орындар жойылып, 108 тонна күл – қоқыс полигонға тасымалданды. 1 652 дана бағаналар сырланып, 4 425 дана ағаш отырғызылды. 3 290 дана тал - теректер әктеліп, 5 776 дана тал бұтақтары кесіп реттелді. 24 ескерткіштің аумақтары көркейтіліп, 290 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.         
Жуырда, «Тараз-Сарыкемер», «Сарыкемер-Дихан» және «Сарыкемер-Байзақ» ауылдарына баратын автомобиль жолдарының бойына аудан орталығында орналасқан мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке жалпы 412 адам қатысып, өздеріне берілген жер бөлінісінде ретсіз өскен бұтақтарды шауып, автомобиль жолының бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Аудан аумағындағы жалпы 10 саябақ пен 17 скверлер және демалыс орындары талапқа сай абаттандырылуы үшін санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жоспарына сәйкес, аудан аумағында 2021-2025 жылдар аралығында 100 000 дана ағаш көшеттері отырғызылуы көзделген. Жоспар бойынша үстіміздегі жылы Сарыкемер, Бәйтерек, Жаңатұрмыс, Суханбаев ауылдық округтерінде 10 гектар аумаққа 14 000 дана көшет отырғызылуы қажет. Ал, келесі жылы Бурыл, Көктал, Қызыл жұлдыз ауылдық округтерінде 16 000 дана көшет, 2023 жылы Мырзатай, Сазтерек, Жалғызтөбе, Қостөбе, Үлгілі ауылдық округтерінде 30 000 дана көшет, 2024 жылы Ынтымақ, Көптерек, Темірбек ауылдық округтерінде 20 000 дана көшет, 2025 жылы Түймекент, Дихан, Ботамойнақ ауылдық округтерінде 20 000 дана көшет отырғызылатын болады.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, «Мекенім – жасыл елім» тал отырғызу акциясы аясында, аудан бойынша 15,5 гектар жерге 46 540 дана (меморгандар 7,5 гектар жерге 5 340 дана көшет, жеке демеушілікпен 8,0 гектар жерге 40,0 мың түп әр түрлі көшеттер) ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, 18 ауыл, ауылдық округте жалпы 7,5 гектар жерге 5 340 дана әр түрлі (алма, алмұрт, ясень, қара ағаш және қылқан жапырақты шырша ағаштары) көшеттері егілді. Сарыкемер ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан «Байзақ датқа» кесенесінің маңына 2,5 гектар жерге Сарыкемер ауылындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 2 000 түп тал көшеттерін, ал, әр ауылдық округ өз маңайларына, сондай-ақ, білім беру, медицина саласы мекемелері өз аумақтарына түрлі тал көшеттерін отырғызды. Бұған қоса, Ботамойнақ ауылдық округінің аумағында Сарыкемер ауылының маңынан Талас өзенінің жағалауында орналасқан «Қарлығаш» демалыс орталығына көлемі 8,0 гектар жерге «Азия Климат Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 3,0 млн. теңгені құрайтын 40 000 дана (катальпа, кипарис, дуб, клен, Қырым шыршасы, алма, шие, алмұрт, алхоры, жаңғақ, тұт, сакура, бирючина (живая изгородь) және жөке (ясень) ағаштары) көшеттері отырғызылып, акция барысында бюджеттен 2 960,0 мың теңге, демеушілік есептен 3000,0 мың теңге жұмсалды. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме, бөлім қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталуда.

Кенжебек УНЕТАЕВ,
аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1111
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2854
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20933
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228319

Серіктестер