Онлайн газет



БІТІМГЕРШІЛІК - БИЛІК АЙТУДЫҢ ЕҢ ОЗЫҚ ӨНЕГЕСІ

Қазіргі таңда, «Медиация» ұғымын өте жиі кездестіруге болады. Медиация тақырыбында БАҚ-нда, ғаламтор желісінде көптеген мақалалар жазылып келеді және алдағы уақытта да жазыла берері анық.
Әсіресе, қазіргі кездері медиацияның сот саласында қолданылуының көрсеткіші өсуі, әрине, қуантарлық жағдай. Өйткені бұл деген дауласушы тараптардың бір мәмілеге, консенсуске, екі жақтың жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешімге келуі деген сөз.
Дауды бітіммен, татуласумен шешуді көптеген елдер қолдайды. Қазақстан да өз тарапынан бұл жолда дұрыс бағыт алып келуде десек қателеспейміз.
Жалпы, дауларды бейбіт түрде шешуге бағыт беруші фактордың бірден-бірі екендігіне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 және 2020 жылғы халыққа Жолдаулары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың «Сот төрелігінің «Жеті тасы» бағдарламасы даусыз дәлел десек болады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында медиацияға аса үлкен көңіл бөліп, ерекше атап өткен болатын. Ол өз сөзінде дау-дамайды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет екенін, бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашатынын, дамыған елдерде мұндай институттар өзін-өзі таныта білуде екенін, сонымен қатар осыдан он жылдай уақыт бұрын «Медиация туралы» заң қабылданып, алайда қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналыспайтынын, оған қоса айқын мемлекеттік саясат байқалмайтынын және бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек деп атап өтті.
Осыған байланысты сот саласы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды қатаң бақылауға алып, осы бағытта белсенді жұмыстарын атқаруда. Әсіресе, азаматтық істер бойынша сотқа жүгінген дауласушы тараптармен татуластыру рәсімдерін жүргізу кең ауқымда аудандық Билер кеңесінің, медиаторлардың қатысумен жүргізілуде. Оның ішінде атап өтсек,  неке және отбасылық қатынастар бойынша, яғни ажырасу, алимент өндіру, мүлікті бөлу сияқты азаматтық істерді қарау барысында сот мейлінше тараптарды татуластыруға немесе бір мәмілеге келтіруге бар күшін салуда.Ал, қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау-дамайды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келісімді білдіреді.
Келісім Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын немесе оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады. Дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.
Әрине, медиацияны қылмыстық істердің барлық санатына қолдануға жатпайтынын ескеру қажет. Яғни онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданып, Билердің, медиаторлардың қарауына беруге болады.
Мысалы, Байзақ аудандық сотының өндірісіне 2021 жылдың басында азаматша Д.-дан К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігімен «Қорлау» бойынша жекеше айыптау шағымы, яғни теріс қылық санатына жататын қылмыстық іс қозғалған. Алайда, аталған қылмыстық істі сот екі тараптың аудандық Билер кеңесі арқылы сот отырысы басталғанға дейін медиативтік келісімге келулеріне байланысты, жеке айыптау шағымы бойынша қылмыстық істі қысқартқан.
Міне, көріп отырғандарыңыздай, қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге қызықтыруға, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін «Медиация туралы» заңының қарқынды жалғасуы қуантарлық жағдай болып отыр. Аталған заңды бір деңгейде қолдап, жұмыла жұмыс атқарсақ медиация халқымызға игі әсерін тигізері анық деп сенемін.

Ертай Аққұлиев,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін203
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5854
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1761
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253430

Серіктестер