Онлайн газет



ЕРЕКШЕ ЖӘДІГЕР

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде үш мыңнан аса жәдігер бар. Сондағы кітаптар қорында тіркелген мына бір «қызыл кітап» өзінше ерекше. Ерекше дейтініміз – ол әрі құнды, әрі ескі дүние.
1937-38 жылдары баспадан басылып шыққан кітапта әйгілі жыршы Жамбыл Жабаевтың өлеңдері топтастырылған.Айта кетерлігі, ұлы ақынның «Ленин мавзолейінде», «Орден алғанда», «Халықтан сәлем», «Одақтас», «12 декабрь», «Ұлыма», «Балаларға», «Алатау», тағы басқа шығармалары латын әріпінде жазылған. Кітап музейге келушілерге осынысымен де қызық.
Қазақ  халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толды. Ел өміріндегі жетістік пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлікті айрықша шабытпен жырлаған ақынның өлеңдері ағылшын, болгар, чех және әлемнің басқа тілдеріне аударылған дейтін болсақ, латын әріпінде жарияланған осынау ерекше кітапты музейге ауданымызға қарасты Жаңатұрмыс ауылдық округі Ақшолақ орта мектебінің мұғалімі Рахманов Төлжан Төлегенұлы сыйға берген.
«Кітап – сарқылмас рухани қазына. Жақсы кітап жан дүниемізді нұрландырып, жүрегімізді айнадай жарқыратады.  Ал, мынадай ұлы тұлғаның туындысы тек менің үйімдегі сөреде емес, көпшілік көретін жерде тұруы тиіс деп шешіп, аудандық музейге табыстаған болатынмын. Әсіресе, кейінгі жас ұрпақ көп кітап оқыса екен», - дейді ұлағатты ұстаз.

Айдана Шотбасова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін398
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1469
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6947
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416477

Серіктестер