Онлайн газет



ТАСАТТЫҚ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

Бітпестей болып көрінген қыстың да алды алыстап, жайма шуақты көктемнің келгеніне де айдың жүзі болды. Ауылымызда жылдағы дәстүр барынша тасаттық беру де қолға алынды.
Тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын әруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп, ниет қылады.
Биыл Мәдімар ауылының 1982-2002 жас аралығындағы жастар жақсы бастаманы қолға алды. Ауыл жастары мен еріктілер қаражат жинап,  ата-бабаларымыздан келе жатқан рәсімді іске асыруға жұмылды. Мақсаты – ауыл азаматтарының басын қосып, ауызбіршіліктерін арттыру, кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі көрсету, Құран оқытып, сауабын әруақтарға бағыштау. Алладан тәуелсіз еліміздің тыныштығын, ауыл-аймақтың амандығын тілеп, дұға жасау.
Аталған рәсім жылдағыдан өзгеше өткізілді. Себебі, бүкіләлемдік пандемияға байланысты адам көп жиналмады, карантиндік талаптар қатаң сақталды.
Рәсім барысында «Мәдімар ата» мешітінде ірі қара мал сойылып, бауырсақ пен тағам пісіріліп, әзірленді. Еріктілер мен ауыл жастары 326 үйге таратты. Ауыл әкімі мен қазыналы ақсақалдар көпке пайдасы тиетін тірліктері үшін алғыстарын айтып, батасын берді.

Нұрпейіс Әбдіқадыр,
Ынтымақ ауылдық округінің аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1156
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7173
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32740
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203470

Серіктестер