Онлайн газет



ЖАСТАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛУДЕ

Заман ағысымен адамның мінез-құлқы мен оның қалыптасуын, ойлау үдерістерін, эмоциялары мен пейілін, тұлғалық деңгейін және қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынасын зерттейтін ғылым – психология пайда болды.
Психология – өз алдына ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 60 жылдары бөлініп шықты.
Психология дегеніміз – адамның жан дүниесімен бөлісу.  Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Оның басты себебі – адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі, яғни, бір-бірімен жиі жанжалдасуы, агрессивті мінез-құлықтың пайда болуы, құмар ойынға, жаман әдеттерге беріліп кетуі, ерлі-зайыптылардың түрлі себептерге байланысты ажырасуы және т.б. жағдайлар.
«Жастар ресурстық орталығында» өткен жылдың сәуір айынан бастап психолог маманы жұмыс істеп келеді. Мұндағы мақсат – жастарға түрлі бағытта кеңестер беріп (мамандық таңдау мәселесінде, жұмысқа орналасу, отбасы құндылықтарын түсіну және т.б.), даудан, проблемалық жағдайдан шығудың жолын табуға көмек көрсету.
Психолог кабинетінің ашылуынан бастап бүгінгі күнге дейін 4 998 жасқа кеңес берілсе, оның 503-іне психологиялық мәнде, 28 азаматқа сенім телефоны арқылы кеңестер берілді. Жүгінген азаматтарға жеке кеңес берумен қатар, топтық тәсілмен кеңестер беру ұйымдастырылады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде үстіміздегі жылы 3 жас отбасы қайта қосылды. Бұдан бөлек, жастар орталығының ұйытқы болуымен «Өмір ғажайыбы», «Отбасы», «Мамандық таңдау» тақырыптарында конференция өткізіліп, оған 100-ден аса жас қатысты.
Орталықтың 8 (726 37) 2-32-33 сенім телефонына қоңырау шалып, психологиялық кеңестер алуға болады.

Күнсұлу Баймұратова,
«Жастар ресурстық орталығының» психологы.

Обновлено 13.04.2021 09:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1198
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7215
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32782
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203512

Серіктестер