Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 10 түрі бар. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық Бақылау және Қадағалау Комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекция қызметкерлерімен көрсетіледі.
«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» және «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беруге», «Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Ветеринариялық санитариялық қорытынды беру» сонымен қатар, «Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды, сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» өтінішті қабылдау ҚР АШМ ВБжҚК аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы ветеринариялық-санитариялық инспекторы арқылы жүзеге асырылады немесе электронды түрде өтініш берген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.еgov.kz, www.elicense.kz арқылы қызметтер көрсетіледі.
1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көретілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
2. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бақылауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа құжаттар таптамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе қызмет көрсету орталығына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
3. «Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды, сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру».
Ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Есептік нөмірлер алу үшін өндіріс субъектісі аумақтық бөлімшеге мыналарды ұсынады:
1) есептік нөмірді алуға өтініш;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өндірілетін тамақ өнімдерінің тізімі.
Уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өндіріс объектілеріне есептік нөмір береді және ҚР тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілері есептік нөмірлерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізеді. Тізілімге енгізілгеннен кейін одан үзінді көшірме беріледі. Өндіріс объектісіне берілетін есептік нөмір: өндіріс объектісінің қызмет түрін; өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
4. «Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Ветеринариялық санитариялық қорытынды беру».
Мемлекеттік қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 3 күн ішінде қызмет көрсетілуі тиіс. Ал құжаттардың толық немесе толық еместігін тексеру мерзімі 2 күн. Егер өтініш беруші тараптан тапсырылған құжаттар толық болмаса, қызмет көрсетуші жазбаша түрде құжатты қабылдаудан бас тартады.

Жандос КӨПІШ,
ҚР АШМ ВБжҚК Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, ветеринариялық-санитариялық инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1157
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5298
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30865
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201595

Серіктестер