Онлайн газет



ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тек республиканың басты қалаларында емес, облыс төңірегінде де орталықтар қызмет көрсетуде. Атап айтсақ, ауданымызға қарасты  Сарыкемер ауылында «Байзақ»  мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалту орталығы жартылай стационарлық үлгідегі күндізгі бөлімде - тірек қозғалысы бұзылған, туа біткен кемістігі, жүйке жүйесі аурулары бар 25 балаға қызмет көрсетуде.
Аталған орталықта медициналық әлеуметтік ем - шара, психолог және логопед-дефектолог мамандары жұмыс жасайды. Мұнда тірек-қимыл аппаратының аурулары бар балаларды қалыптастыру, емі уқалау-сипалау және атқа мінгізу ем-шаралары жүргізіледі. Ем-шараларды  алып жүрген балалардың денсаулығында оң нәтижелер бар.
Оңалту орталығындағы балалар Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Атап айтқанда, балалар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өлең айтып, би билеп, ұлттық салт-дәстүрінен көріністер көрсетті.
Осы күні тірек қозғалысы бұзылған, 2017 жылы туылған Әлібек Даниярдың тұсауы кесілді. Алған ем – шараның  нәтижесінде кішкентай балапанымыз жүріп кетуіне мүмкіндік туды. Айта берсек оң нәтиже көрсетіп жатқан бүлдіршіндер бар.
Наурыз мейрамында ерекше балалардың сауығып кетуіне жақсы тілектер айтылып, сыйлықтар берілді. Арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татты.
Жалпы ерекше балаларға қызмет көрсететін орталықтар  болашақта көптеп ашылып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Жібек Саекешова,
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші
маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін87
mod_vvisit_counterКеше1052
mod_vvisit_counterОсы аптада4347
mod_vvisit_counterӨткен аптада4762
mod_vvisit_counterОсы айда11422
mod_vvisit_counterӨткен айда28030
mod_vvisit_counterБәрі1399688

Серіктестер