Онлайн газет



ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК, ҚҰРМЕТ ПЕН СЕНІМ

«Парасат жолы» жобасының үш тірегі - өзара түсіністік, құрмет пен сенім болып табылады. Бұл туралы республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел мен Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева Байзақ ауданына іссапары кезінде өткізген кездесуде айтты.

Жамбыл облысына үш күндік іссапармен келген жоба өкілдері кеше біздің ауданда болып, бірқатар кездесулер өткізді. Республикалық жоба өкілдерін аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қайрат Исмаил қарсы алды.
Топ мүшелері алдымен Бурыл ауылдық округінің “Ашық әкімдік” жұмысымен танысты. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдарымен жүздесіп, қоғамда парасаттылықтың деңгейін көтеру, адалдық және әділдік қағидаларын насихаттау, жастарды тәрбиелеу ісіне қатысты ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ел игілігіне ұсынылған ауылдық клубты көрді. 160 адамға арналған клубта әдеби және мәдени кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда, мұнда оқырмандар үшін де кітапхана жұмысы іске қосылған.
Бұдан соң топ мүшелері Сарыкемер ауылындағы орталық кітапханада “Парасат жолы” жобасы аясында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталған  Жазира  Жақсылыққызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.  Қоғам қайраткері Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдері мен жастарды, жалпы, жергілікті халықты парасат жолына түсуге үгіттеу және насихаттау тұрғысында өз ойын ортаға салып, парасаттылық, адалдық қағидаттарын қоғамда қалыптастыру қажеттігін, бастамаға кітапханалар да үлес қосуы керектігіне көңіл аударды.
Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында ашылған «Ашық әкімдік», аудандық партия филиалында орналасқан «Сервистік әкімдік» орталығы жұмыстарымен танысқан соң жоба өкілдері «Байзақ - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Адалдық елшілерімен», кейіннен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды. Ауылдың белсенді, талантты әрі білімді жастарынан жасақталған «Адалдық елшілерімен» кездесу барысында жиынға  қатысушыларға жұмысшы топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының жүргізіліп жатқандығы жайлы және «Парасат жолы» орталығының жұмыстарымен таныстырды. Ал, аудан тұрғындары қатысқан басқосуда «Парасат жолы» жобасының мақсаты мен міндеттері және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жайлы түсінік берілді.
«Парасат жолы» жобасы -  адалдық, әділдік, парасаттылық, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуді көздейтін бастаманың бірі. Республиканың барлық өңірлерін аралап жүрген жоба өкілдері түс ауа көрші Жамбыл ауданына аттанып кетті.

Асылай ЕСЕЙҚЫЗЫ,
«Байзақ - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері.

Обновлено 05.04.2021 10:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін93
mod_vvisit_counterКеше1052
mod_vvisit_counterОсы аптада4353
mod_vvisit_counterӨткен аптада4762
mod_vvisit_counterОсы айда11428
mod_vvisit_counterӨткен айда28030
mod_vvisit_counterБәрі1399694

Серіктестер