Онлайн газет



ЕГІСТІК ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, ЖАЙЫЛЫМДЫ РЕТТЕУ - БАСТЫ НАЗАРДА

АУДАНДА ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫ КОНКУРСҚА ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛЫМНАН ЕГІСТІККЕ АУЫСТЫРЫЛМАЙДЫ

Байзақ ауданы ауыл шаруашылығында негізделген, мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі - табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмау, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет.
Байзақ ауданының жалпы жер көлемі 446 385 га, оның ішінде, ауыл шаруашылығындағы жерлер 162 887 гектар, елді мекендердің жерлері 25 093 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер 2,394 гектар, орман жер қоры 221 640 гектар, су қорының жері 2 265,4 гектар, босалқы жерлер 32 106 гектарды құрайды. Ауданның 2020 жылғы жер есебі (балансы) әзірленіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі облыстық жер қатынастары басқармасына тапсырылды.
Аудан бойынша 55 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 902 шаруа қожалығы тіркелген. Ауданның ауыл шаруашылығындағы жерлер 162 887 гектар, оның ішінде, егістік 56 616 гектар 34,76 пайыз, көп жылдық екпелер 314,0 гектар 0,1 пайыз, шабындық 5 055,0 гектар 3,1 пайыз, жайылым 99 465 гектар 61,06 пайыз, бөгде жерлер 1 437,3 гектар 0,88 пайызды құрап отыр. Жалпы алғанда, 2020 жылдан қазіргі күнге дейін аудан бойынша егістік жерлер 1102,0 гектарға немесе 1,95 пайызға артты.        2020 жылға Байзақ ауданы бойынша жайылымды егістікке ауыстыру жоспары 1000 гектар болып бекітілген болатын. Өткен жылы 2 шаруашылықтың өтінішіне сәйкес, олардың пайдалануындағы жалпы көлемі 808 гектар жайылым алқабы егістікке ауыстырылды.
Ауданда жайылым жерлердің тапшылығына байланысты алдағы уақытта қолда бар босалқы жер қорындағы жайылымдар егістікке ауыстырылмайды. 2021 жылға аталған индикатор жоспарын бекітпеу туралы Басқармаға хат жолданды.
2019 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан 58 жер учаскесіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылық анықталған 1 253,63 гектарды (220,53 га егістік, 1 033,1 га жайылым жерлер) құрайтын 44 жер учаскелері иелерінің жер салықтарын 10 есеге ұлғайту үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына хат жолданып, салынған салықтың жалпы көлемі 193 070 теңгені құраса, оның 183 270 теңгесі өндірілген. Қалған салығын төлемеген 2 жер телімдерінің иелеріне тиісті хабарлама жіберілген. Тексеру және түсіндірме жұмыстары нәтижесінде 2019 жылы 19 шаруа қожалығы өз еріктерімен 527,6 га жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды.
2020 жылға «Қазақстан Ғарыш сапары» (космомониторинг) акционерлік қоғамы тарапынан берілген аудан бойынша 11 ауылдық округінде 350 шаруашылықтың 3351,2 гектар егістік жерлері игерілмей жатқаны анықталды.
Аудан әкімінің 2020 жылдың 20 мамырындағы №52 өкімімен жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 128 жер пайдаланушы 1484,43 гектар егістік жер учаскелері игерілмеген, қалған 222 шаруашылық 2152,34 гектар жерлерін пайдаланып жатқаны анықталды.
Атап айтқанда, Диқан ауылдық округі бойынша 256,19 гектар, Бәйтерек ауылдық округі бойынша 125,86 гектар, Сарыкемер ауылдық округі бойынша 29,75 гектар, Түймекент ауылдық округі бойынша 36,72 гектар, Суханбаев ауылдық округі бойынша 533,54 гектар, Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша 26,1 гектар, Қостөбе ауылдық округі бойынша 44,9 гектар, Үлгілі ауылдық округі бойынша 23,28 гектар, Көктал ауылдық округі бойынша 7,12 гектар егістік және Ботамойнақ ауылдық округі бойынша 118,65 гектар егістік пен 282,32 гектар жайылым жерлер анықталып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, тексеру жұмыстары 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.  Алайда, шаруа қожалық иелеріне жерлерін мақсаты бойынша тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, өткен жылы мемлекет қорына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 472,12 гектар (оның ішінде, 35,19 га суармалы егістік, 319,53 гектар суарылмайтын егістік, 78 га жайылым, 39,4 га шабындық жерлер) мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан басқа, мал басы тіркелмеген жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтару үшін, аудан әкімі аппаратының жер инспекторымен бірлесіп, мал басы тіркелмеген немесе жер учаскесінің 1 гектарына шаққандағы нормативке сәйкес емес тіркелген мал басы бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сарыкемер ауылының Бас жоспарының негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру мақсатында, Сарыкемер ауылы Д.Қонаев көшесінің басындағы 1,0 гектар суармалы жер учаскесіне дене шынықтыру - сауықтыру кешенін орналастыру негізінде, 2,5 гектар ауқымдағы тұрғын ауданын орналастыру үшін 3,9 гектар жер учаскесіне, Д.Қонаев көшесінің басынан 300 орындық орта мектебін орналастыру үшін шаруа қожалықтардың жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару туралы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы және 2020 жылғы 18 мамырдағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №135, 137, 202 қаулылары қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы 65-бабының талаптарына сәйкес, тәуелсіз бағалаушы «Сервис центр «Далер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалынған бағалау жұмыстары негізінде, 5 жер пайдалаушылармен мемлекетке қайтару туралы келісім-сөздер жүргізіліп, жалпы сомасы 7 656,5 мың теңгеге көлемі 7,4 гектарға келісім-шарт жасалып, төленді. Жер пайдаланушылар және жер қатынастары бөлімімен қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 4-1 - тармағына сәйкес, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, 481,6 гектар, тұрғын үй құрылысын салу үшін (жер кезегін азайту мақсатында) 52,56 гектар, ауқымдағы тұрғын үй ауданын орналастыру үшін 2,68 гектар, Сарыкемер ауылының аумағында аурухана және электр қосалқы станциясын орналастыру үшін 4 гектар, Ботамойнақ ауылдық округі, Байзақ ауылының аумағында саябақ орналастыру үшін 4 гектар жер учаскелері 2021 жылы мемлекет мұқтажы үшін алынады.
Мемлекет меншігінде тұрған жер телімдерін ашық сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) арқылы беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, 2019 жылға 3 конкурс ойнатылып, оған 40 жер телімі қойылды. Жалпы көлемі 1046,71 га (225,74 суармалы, 124,1 га суарылмайтын егістік, 696,87 га жайылым) алқап конкурсқа берілді.
2020 жылы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылық мақсатындағы 28 жер телімін конкурсқа шығарып, жалпы көлемі 334,01 га (259.26 суармалы, 74,75 га суарылмайтын егістік) пайдалануға берілді. Бұған қоса, ағымдағы жылға 1 конкурс ойнатылып, оған 19 жер телімі қойылды. Жалпы көлемі 332,5196 га (60,269 суармалы, 272,2506 га суарылмайтын егістік) алқап конкурсқа ойнатылып, пайдалануға берілді.
2019 жылы кәсіпкерлік мақсатта 4 аукцион ойнатылып, 28 жер учаскелері қойылып, жалпы көлемі 8,51 гектар (кадастрлық құны 13272 мың теңге), сатылғаны 20181 мың теңге. Өткен жылы аудан көлемінде кәсіпкерлік мақсатта екі аукцион өткізілді. Бірінші аукционда 4 жер учаскесі, жалпы көлемі 1,53 га, жалпы сома 3 миллион 123 мың теңге бюджетке түсті. Екінші аукционда 4 жер учаскесі, жалпы көлемі 2,72 га жер, жалпы сомасы 1 миллион 007 мың 194 теңгеге уақытша пайдалануға сатылды.
Жалпы 2020 жылға 8 жер учаскесі, 4,25 га аукционға шығарылып, олардың құны 4 миллион 130 мың 194 теңгені құрады.
Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылып, мерзімді аудандық газетте, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетіне, барлық  Жамбыл облысының жер қатынастары бөлімдеріне, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялануда.
2020 жылға аудан бойынша босалқы жер қорындағы жайылымды айналымға енгізу жоспары 1000 гектар болып бекітілген болатын. Ауданда былтырғы жер балансы бойынша 99 465,0 га жайылым алқаптар бар. Бүгінгі таңда, ауданда жайылым жерлердің тапшылығы барлық ауылдық округтерде сезіледі. Аталған мәселені шешу мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша жер кадастры департаментінен аудан бойынша кезекші карта әзірленді. Бүгінде кезекші картаға сәйкес, анықталған босалқы жер қорындағы 3 672,2 гектар жайылымды ауылдық округтерге қосып беру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, құжаттар аудандық және облыстық мәслихатқа ұсынылатын болады.
Жайылым жерлердің тапшылығына байланысты ауданда жайылым алқаптары конкурсқа шығарылмайды және жайылымнан егістікке ауыстырылмайды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 4-1 - тармағына сәйкес, “Жайылымдар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, елді мекен санатындағы жайылым жерлеріне ауыстыру жоспарланып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 19 желтоқсандағы «Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» №59-8 бірлескен шешімі қабылданды. Барлығы 28 шаруа қожалығы 481,6 га жайылым жер Жаңатұрмыс ауылдық округі, Ақшолақ ауылы жерінің шегін кеңейтуге беріліп, есептік кварталын кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84-бабына сәйкес, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, аудан әкімдігі тарапынан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары қолға алынуда.
Алдыңғы жылы жалпы көлемі 175 га жайылым алқаптар (Дихан - 4,6 га, Жалғызтөбе - 11,5 га, Кеңес - 138,9 га, Мырзатай - 20 га) жер пайдаланушылардан өз еркімен мемлекетке қайтарылса, өткен жылы жалпы көлемі 78 гектар жайылым алқаптар (Жалғызтөбе - 32 га, Мырзатай - 35 га, Дихан - 11 га) жер пайдаланушылардан өз еркімен мемлекетке қайтарылды.
Аудан бойынша жалпы жайылым алқаптар 117270,2 га болса, оның ішінде, 99 464,9 га шаруа қожалықтар жайылымы, 17 805,3 га елді мекеннің жайылымы болып табылады.
Аудан бойынша жалпы мал жаюға болатын 182 612,8 га алқаптар бар. Шаруа қожалықтар мен елді мекендердің шартты мал басына сәйкес, аудан бойынша қажетті жайылым көлемі 297411,8 га құрап, жалпы жетіспейтін жайылым 114 799,1 га жетіп отыр. Сонымен қатар, аудандық прокуратура тарапынан 2021 жылдың 17 ақпанындағы № 2-0702-2100-157 ұсынысына сәйкес, «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 14.04.2015 жылғы № 3-3/332 бұйрығына сәйкес, жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының сақталуы зерделеніп, жер пайдаланушылардың жер учаскелерін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор жүйесімен сәйкестендіру нәтижесінде, игерілмей жатқан кадастрлық құны 86 241,2 мың теңге, жалпы көлемі 10 266,81 гектарды құрайтын 24 жер телімдері Жалғызтөбе, Көптерек, Мырзатай, Сазтерек, Темірбек және Түймекент ауылдық округтарында орын алған.
Осыған байланысты, әр ауыл, ауылдық округ әкімдері өздерінің аумақтарында жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын, жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға міндетті.

Болат САҒЫНБЕКОВ,
аудан әкімінің орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін339
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1410
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6888
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416418

Серіктестер