Онлайн газет



КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

«Nur Otan»  партиясы аудандық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, оның күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Аталмыш жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Қайратқызы отырыстың күн тәртібімен таныстырған соң, «Аудан бойынша егістік жерлердің тиімді пайдалануы және жайылымдарды реттеу іс-шарасының орындалуы туралы» аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұртас Ерғалиев

есеп берді. 
Есепті баяндамада ауданның 2020 жылғы жер есебі (балансы) әзірленіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі облыстық жер қатынастары басқармасына тапсырылғаны айтылып, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және егістік жерлер жөнінде мәліметтер келтірілді. Сонымен бірге, Нұртас Аманкелдіұлы жайылымнан егістікке ауыстыру жоспары, иерілмеген жерлер, олар бойынша атқарылған істер, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы, босалқы жер қорындағы жер телімдерін конкурс және аукцион арқылы қайта айналымға енгізу, босалқы жер қорындағы жайылымды айналымға енгізу, жайылымдық жер телімдерін басқару бойынша ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзырына берілген міндеттерге тоқталды.
Баяндамадан соң кеңес отырысына қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып,  нақты жауаптар беріліп, өзара пікір алмасты. Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қаулы қабылданды.

 

Елнұрбек ЕРМЕКОВ,
аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық  кеңестің және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшесі.

Обновлено 05.04.2021 10:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1678
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5819
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31386
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202116

Серіктестер